Жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болып, 54 адам зардап шекті

0
95

Жеті адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.


Жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болып, 54 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Индонезия астанасы Джакарта қаласында жұма намазы кезінде мектеп аумағындағы мешітте қуатты жарылыс болды, деп жазады baq.kz.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 54 адам зардап шеккен. Бұл туралы Джакарта қалалық полиция бастығы Асеп Эди Сухери хабарлады.

Оның айтуынша, жарақаттар жеңілден бастап ауыр түріне дейін әртүрлі сипатта, кейбіреулерін күйік шалған. Жеті адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.