Имам президентті пайғамбар сияқты сүюге шақырған.
ERNUR.KZ. Ашхабадта имамдар жұма намаздан кейінгі уағыздарда азаматтарды ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовті сүюге шақырып, Құдайдан оған денсаулық, ұзақ өмір тіледі деп жазады centralasian.org.
"Жұма намаздан кейін имам президентті мақтай бастады. Ол біздің жетістігіміздің бәрі мемлекет басшысының саясатының арқасында болып жатқанын айтты. Одан соң президентті пайғамбар сияқты сүюге шақырды", - дейді тілші.
Уағызда президенттің дұшпандарына қарғыс айтылған. Тілшінің хабарлауынша, жұма намазға жиналғандардың дені уағызды мемлекеттік идеологияның құралы ретінде пайдаланып жатқанына наразы болған. Көбі бір-біріне сыбырлап, "тағы бастады" деген.