ERNUR.KZ. Мәскеу наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры, Ресей денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатр-наркологы Евгений Брюн елдегі кәсіпорын қызметкерлерінен алкоголь мен есірткіге сынама алуды енгізу туралы "Известия" газетіне сұқбат берді.

— Новолипецк металлургия комбинаты мен тағы бірнеше кәсіпорында тәжірибе бар. Әзірге сынама алу жаппай сипат алған жоқ. Қазір біз барлық еңбек ұжымдарына кіріп, түсіндіру шараларын жүргізумен айналысып келеміз. Бәрі ерікті түрде болады,-деді Брюн.
Сондай-ақ, ол министрліктің бұл бастамасы темекі тарту мен алкоголизмнің алдын-алу мәселесін еңбек келісімшарттарына енгізуді көздеп отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, ішімдік пен есірткіге тәуелді қызметкерді жұмыстан босатпау ұсынылған.
Наркологтың айтуынша, ішімдікке салыну жұмысқа жарамды жаста қаза болудың негізгі себептеріне жатады. Бұл өз кезегінде жалпы еңбек өнімділігінің төмендеуіне, одан келіп елдің экономикасына әсер етеді.