​ "Зорлық көрсеткені үшін": Дуров ата-ана құқығынан айырылды

0
459

Ол 2021 жылдан 2022 жылға дейін кіші ұлына бірнеше рет физикалық зорлық көрсеткенін айтты.


​

ERNUR.KZ. Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың өзін үш баласының анасымын деп атаған Ирина Болгар кәсіпкердің ата-аналық құқығынан айырылғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Әйел бұл жөнінде өзінің Instagram парақшасында (Ресейде тыйым салынған әлеуметтік желі. Экстремистік ұйым деп танылған және Ресей Федерациясында тыйым салынған Meta компаниясына тиесілі) жария етті.

"Балалар мен ересектерді қорғау трибуналы Женеваның қорғаншылық органдары жүргізген тергеуді бастады. Осылайша Дуровты үш балаға қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы шешім қабылдады", – деді Дуровтың құрбысы.

Болгардың айтуынша, 2022 жылдың соңында кәсіпкер оған балаларымен бірге БАӘ-ге көшуге мәжбүрлеу үшін шарт қойған. Ол Дуровтың оның банк карталарына қол жеткізуіне тыйым салғанын, сонымен қатар медицина, білім және жол жүру шығындарын төлеуді тоқтатқанын түсіндірді.

"Мен өз құқықтарым мен балаларымның құқықтарын заң саласында қорғайтынымды айтқан кезде, ол біздің еуропалық иммиграциялық құжаттарымызды жаңарту және жаңа құжаттарды беру туралы келісімге қол қоюдан бас тартты. Әрине, бізге Еуропада қалуға мүмкіндік бермеу үшін істеді", – деп жазды Болгар.

Айта кетейік, осы шілдеде Болгар Telegram негізін қалаушының үш баласының анасы екенін мәлімдеді. Қазір Швейцарияда тұратын әйелдің айтуынша, балалары одан бұл ақпаратты жария етуді сұраған. Ол сондай-ақ журналистерге Дуровтың әке болуды мойындағанын дәлелдеді. Көп ұзамай кәсіпкер өзінің шәует доноры және 100-ден астам баланың биологиялық әкесі екенін жария етті.

Павел Дуров үш баласының анасы Ирина Болгар Швейцария сотына шағымданғаннан кейін ата-ана құқығынан айырылды. Бұған дейін Болгардың Дуровқа қарсы Швейцария сотына шағым түсіргені белгілі болған. Ол 2021 жылдан 2022 жылға дейін кіші ұлына бірнеше рет физикалық зорлық көрсеткенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталғаны туралы жазған едік. Дуровқа Telegram-дағы контентті модерациялаудан бас тартқаны үшін терроризм, есірткі саудасы, ақшаны жылыстату сияқты ауыр қылмыстарға қатысы бар деген айып тағылған. 26 тамыз күні Франция соты Дуровты қамауға алу мерзімін ұзартқан еді. Дегенмен күні кеше оның қамаудан босатынлғаны белгілі болды.