Алкогольді пайдалану жүрекке қосымша ауырлық келтіреді, бұл адам денсаулығы үшін, оның ішінде жүректің тоқтап қалуына әкеліп соқтыратын қауіпті фактор.
Алкоголь адамды коронаровирус инфекциясының таралуы мен жұқтыруынан сақтай алмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Адам ағзасына алкогольдің келтіретін зияны туралы тақырып әр кезде, әсіресе бүкіл әлем COVID-19 пандемиясынан зардап шегіп отырған қазіргіуақытта өзекті мәселе болып отыр.Бүгінде «Коронавирус инфекциясынан қалай сақтануға болады?» деген сұрақ адамдарды көп толғандыратын болды.
Адамдардың жекелеген топтары арасында спирт пен алкоголь коронавирус инфекциясы секілді адам өміріне қауіпті аурудан сақтай алады деген пікір қалыптасуда. Бұл пікірлер инфекция кезінде қолды, қолмен ұсталатын заттарды спирт ерітіндісімен немесе құрамында спирті бар майлықтармен тазалау қажеттігі туралы нұсқауларға сүйене отырып, алкоголь ішімдіктерін қабылдаған да дұрыс деген ойға негізделіп отыр.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационар меңгерушісінің м.а., терапевт дәрігер Гаухар Қожакееваның айтуынша, осы инфекцияны емдеуде алкогольдің тиімділігі туралы пікір қате. Спиртті ерітінділер және құрамында спирті бар майлықтар спирттің әртүрлі сұйықтықтар мен майларда жақсы ерігіштік қасиетінің болуынан заттарды тазалау үшін пайдаланылады. Сондықтан, оны пайдалану қорғанудың басқа шараларына қарағанда тиімдірек. Спирттің көмегімен қолмен ластанған, яғни теріден бөлінетін, құрамында майы бар заттар жақсы тазаланады. Майлар микроорганизмдердің таралуынақолайлы орта болып табылады. Сондықтан да теріден бөлінетін майлар спиртте тиімдірек ерітілетін болғандықтан, түрлі медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде спирт теріні майлықтармен залалсыздандырылады.
Бүгінде қауіпті инфекцияны жұқтырудан қорқу жағдайында кейбір адамдар алкоголь өнімдерін сатып ала бастады.
«Халық емі»деп аталатын әдісте көбіне аздаған спирт қолданылады. Алайда бұл әдістер, әдетте бірнеше құрамнан тұрады. Бірақ алкоголь ішімдіктері адамды коронаровирус инфекциясының таралуы мен жұқтыруынан сақтай алмайды.
Спирттің құрамының жоғары болуы вирустарды жоя алатындығын жоққа шығармаймыз, алайда бұл ішімдікке құмарлықты тудыра отырып, адам үшін қауіпті болатындығын естен шығармауымыз керек. Осының салдарынан тіпті адам өлімінің болуы ықтимал. Коронавирус симптомдары ағзаның қатты улануына әкеледі, ал ішімдікті пайдалану осы процесті ушықтыруға және ағзаның сауығып кетуіне кері әсерін беруі мүмкін. Алкогольдің жартысы өкпе арқылы шығарылады және кез келген инфекцияда, оның ішінде коронавирус инфекциясында, әсіресе онымен қоса шылым шегілетін болса, керісінше, аса қауіпті.
Осы кеңес үй карантинінде жатқан адамдарға арналған, себебі халықтың бұл бөлігі де қазіргі кезде аса осал болып отыр. Алкогольді пайдалану жүрекке қосымша ауырлық келтіреді, бұл адам денсаулығы үшін, оның ішінде жүректің тоқтап қалуына әкеліп соқтыратын қауіпті фактор. Сонымен қатар алкоголь бактериялар мен вирустардың таралуынақолайлы ортаны қалыптастырып, ағзаның түрлі ауруларға қарсыласуын азайта отырып,иммунитетті әлсіретеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, коронавирус инфекциясы кезінде алкоголь ішімдіктерінің қорғай алмайтындығын және олардың адамның сауығуына әсер етпейтіндігін айтқымыз келеді.
Түшкіру, тамақтың ауыруы және жыбырлауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі, дененің ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, тыныс алудың қиындау белгілері пайда болған жағдайда шұғыл түрде дәрігерді шақыру қажет, ал дәрігер, өз кезегінде нақты пациентті әрі қарай емдеудің тактикасын анықтайтын болады.