Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтаманы қалай онлайн алуға болады?
Егер сіз тегіңізді не есіміңізді өзгерткен болсаңыз, бұл туралы анықтаманы онлайн түрде egov.kz порталы арқылы алуға болады.
Қызметті онлайн алу үшін:
1. Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасына өтіңіз;
2. Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз немесе смс-құпиясөзді пайдаланыңыз;
3. Қажетті төлемді жүргізіңіз;
4. Өңделген анықтаманы жеке кабинетіңізде «Қызметтерді алу тарихы» тарауынан таба аласыз;
Ескерту! Онлайн-қызметті 2008 жылғы 14 сәуірден бастап тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы жазба актісі жазылған азаматтар ғана ала алады.