Қазір Мәжілістегі депутаттардың бір тобы заңға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер енгізу туралы бастама көтеріп, жобаны әзірлеуде.
Бүгін бүкіл әлемде Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні атап өтілуде. Қазақстанда әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы күреске зор мән беріледі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Telegram-дағы арнасында жазды, деп жазады zakon.kz
"Президент өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында "көптеген отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына көз жұма қарауымызға болмайды" деп кезекті рет атап өтті. Қазір Мәжілістегі депутаттардың бір тобы заңға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер енгізу туралы бастама көтеріп, жобаны әзірлеуде. Қоғамды селт еткізген соңғы қылмыстар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою жұмыстарын одан әрі күшейту қажеттілігін білдіреді".Ерлан Қарин
Сондай-ақ ол бұл ретте қабылданып жатқан институционалдық және заңнамалық шаралардың қылмысқа және кез келген түрдегі зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырмай тиісті нәтиже бермейтінін дұрыс түсінгеніміз абзал екенін ерекше атап көрсетеді.
"Азаматтардың соңғы оқиғаларға қатысты алаңдаушылығы біздің қоғамда отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеушілігі күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Осылайша, қоғамдағы өзгерістер мемлекет қабылдаған шаралармен қатар әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторына айналуда", делінген Мемлекет хатшы жазбасында.
Айта кетсек, Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева да мәлімдеме жасаған болатын.