Қазақстандықтар заңсыз алкогольді көбірек тұтынатын болған

0
1 986

Жыл сайын сапасыз алкогольді тұтынудан өлім-жітім артып барады.


Қазақстандықтар заңсыз алкогольді көбірек  тұтынатын болған

Спирттік ішімдіктер қымбаттауына байланысты контрафактіге сұраныс артып жатыр. Қазақстанда алкогольден уланудан және ауыр интоксикациядан кейін ай сайын 30-ға дейін адам қайтыс болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көбінде аз қамтылған адамдар мен зейнеткерлер осындай жағдайларға душар болып жатады. Заңсыз спиртті жаппай өндіру Қазақстанның барлық дерлік өңірінде бар жағдай. Кез келген қалада құқық қорғау органдары жерасты цехтарын әшкерелеп жатады. Арақты пластикалық бөтелкелерге құятын алкодиллерлер ерекше қауіп төндіреді, дегенмен заң бойынша сырадан басқа барлық алкогольді пластикалық контейнерлерге құюға тыйым салынған. Себебі пластик алкогольмен әрекеттесетіндіктен, улы қосылыстар денеге енеді.
«Ең жаманы — метил спирті бар контрафактілі алкоголь. Метанолы бар бір стақан адам өмірін қиюы мүмкін. Метанол бүкіл денеге тез таралады және жасушаларда ең ауыр у —формалин түзіледі. Адам әлсіздікке, бас айналуға, ентігуге ұшырап, көз алдында жарқыл пайда болады. Есінен танады. Осы уақытта мидың қайтымсыз зақымдануы болады. Бұл кем дегенде соқырлық, ауыр неврологиялық асқынулар. Ең ауыры өлім-жітімге апарады», - дейді дәрігер және «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова.
Ал заңды белшесінен басатындар көбіне Алматы, Шымкент және Түркістан облысының «кәсіпкерлері». Дәл осы қалаларда жерасты цехтары жиі кездеседі. Қаржы мониторингі агенттігі бұл аймақтарда миллиондаған бөтелке контрафактілік алкоголь тәркіленгенін растады. Дүкен сөрелеріне қаншама заңсыз өнім түскені белгісіз. Осы уақытта Қазақстанның басқа өңірлері де қауіпті өнім жасауға көшкен. Полиция таратқан ақпататтарда көбінде Петропавл, Семей, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Атырау, Абай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы заңсыз өнім әшкереленіп жатқаны жиі айтылады. Тәртіп сақшылары күмәнді бизнес үшін бірнеше миллион теңге көлемінде айыппұл салынатынын ескертіп отыр.
Айта кетейік, Қазақстанда заңсыз алкоголь көбіне қоймаларда, ангарларда және жертөлелерде өндіріледі. Сарапшылар жалған өнімдер құю желілерінде қолдан жасалғанын атап отыр. Мұндай жағдайларда өндірісте сүзу жүйелері болмайды және толықтай антисанитария жағдайында өндіріледі. Бөтелкелер көбінесе қоқыстан жиналады.
Былтыр республикада заңсыз жұмыс істеген 187 алкоголь өнімін сатушы тексерілді. Тексеріс кезінде полицейлер 783 мың литрге жуық алкоголь өнімін тәркіледі, ал контрабандалық темекі өнімдерінің 2,7 млн. қабы анықталды. Айта кетейік, мемлекеттік органдар шағын және микробизнесті тексеруге мораторий жариялағанына қарамастан, егер субъектінің қызметі халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірер болса, ШОБ-ты тексере алады. Бұған дейін заңсыз алкогольді сату нүктелерін анықтауда көптеген қиындық болған.
Абырой болғанда, ірі дүкендер мен супермаркеттердің сөрелерінде жалған өнім табылмайтыны көңіл көншітеді. Сатушылар мен өндірушілердің өздері тауарлардың заңды жеткізілімін нақты қадағалай алады. Барлық контрафакт «элиталық» алкогольді сату бойынша арам пиғылды ұсыныстары көп шағын сауда нүктелері, базарлар мен әлеуметтік желілер арқылы сатылады. Қалаларда сапаны бақылау азды-көпті жолға қойылды дей аламыз, алайда халықтың сапалы алкоголь сатып алу мүмкіндігі аз ауылдық жерлерде жағдай нашар. Көбінесе кісі өлтіру, зорлық-зомбылық және төбелес сияқты қылмыстар алкогольдік масаң күйде жасалады.
Сарапшылардың пікірінше, әсіресе әккі есірткі сатушылар жалған өнімді түпнұсқаға қатты ұқсатып жасауға қол үйреткен. Дегенмен, қазақстандықтар контрафактіге тап болмауы бірнеше қарапайым ережені есте сақтауы керек. Біріншіден, ешқандай жағдайда алкогольді сатушы лицензиясы жоқ адамнан сатып алмаңыз, әлеуметтік желілерде де алкоголь сатып алудан аулақ болыңыз. Әрқашан тауардың құнына назар аударыңыз, өйткені, мысалы, көлемі 0,5 л. арақ заң бойынша 1000 теңгеден кем емес, ал коньяк 1500 теңгеден төмен бағаға сатылмайды. Айта кетейік, елімізде күшті алкогольге ең төменгі бөлшек сауда бағасы белгіленген. Егер сусындардың құны жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден төмен болса, онда оның жалған өнім болу ықтималдығы 100%-ға тең деген сөз.
Алкогольді тексерудің тағы бір тиімді әдісі – E-SAPA қосымшасындағы акциздерді бақылау: өнімнің атауы, беріктігі және басқа мәліметтер қосымшаның ақпаратында да, бөтелкенің өзінде де сәйкес келуі керек. Анық сызылмаған штрих-код жалған алкоголь өнімі екенінің белгісі.
Сонымен қатар, Қазақстанда заңды алкоголь өндірісі де артып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш екі есе өсті. Алайда тұтыну деңгейі өз орнында. Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс арақ бизнесінің көлеңкеден шыға бастағанының белгісі. Акцизделетін өнімнің айналымын бақылаудың нәтижесі көріне бастады деген сөз. 2022 жылы бюджетке түсетін түсімнің өсу қарқыны 1,6 есеге ұлғайды. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарына қарағанда, қазына 757,3 млрд. теңгеге толықты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 288,8 млрд. теңгеге артық. Сарапшылар «элиталық» арзан өнімді сатып алғандағы үнемді емес, оның салдары қандай боларын ойлау маңызды екенін ескертеді.