Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құжатта Қазақстанға шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты мынадай міндеттер жүктелген.
1. Ертіп жүретін адамдарда мерзімі 3 тәуліктен аспайтын, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялардың экипаждарын; ел аумағында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаты бар Қазақстан азаматтарын және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті екені жазылған. Ал халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпауы керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдарға оларды ертіп жүретін адамдарда мерзімі 3 тәуліктен аспайтын, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды; құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда ел аумағында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаты бар Қазақстан азаматтарын және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті.
2. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақталсын.Бала асырап алғысы келетін азаматтар мерзімі 3 тәуліктен аспайтын, теріс нәтижесі бар ПТР-тест құжатын немесе ел аумағында COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі. Мерзімі 3 тәуліктен аспайты, теріс нәтижесі бар ПТР-тест құжатын немесе ел аумағында COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.
3. Босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көпбейінді стационарларға өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпестен көрсетіледі. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өзінің лауазымдық міндеттерін орындауды жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады;
4. Науқастарды, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 7 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, COVID-19-ға тестілеу нәтижелерімен немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатпен емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы амбулаториялық қызмет мамандарының жолдамасы бойынша көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады.
5. Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.
6. Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болан кезде жүзеге асырылады. ;
7. Келген кезде әрбір балаға денсаулық жағдайы туралы құжаттар (086/у нысаны), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың болмауы туралы анықтамалар, келуден кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс.
8. Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады.
9. Жұмыс беруші жұмысы өндірістік объектіде болуды талап етпейтін, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырады.
10. Кәсіпорын басшысы вахталық кенттен шыққанға дейін күн сайын соңғы 5 күн ішінде бақылау тексеруді (тексеру, температураны өлшеу) жүргізеді. Вахтадан шыққанға дейін бес күн бұрын COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алмаған қызмекерлерге ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижелі жұмыскер анықталған жағдайда Кәсіпорын басшысы жұмыскерді жедел медициналық көмек келгенге дейін Кәсіпорын жанындағы изоляторға орналастыруды қамтамасыз етеді және бұл туралы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін жақын жердегі ұйымға және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлайды, сондай-ақ АД өкілдері келгенге дейін COVID-19-ға ПТР тестінің оң нәтижесі бар жұмыскерлердің вахталық кенттен шығуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
11. Қызметкерлер вахтаға келгеннен кейін rәсіпорынның медицина қызметкерлері жұмыскерлердің жалпы жағдайын тексеру жүргізеді, теріс нәтижемен ПТР әдісімен CОVID-19-ды анықтауға зертханалық тексерудің немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы құжаттың болуын тексереді.
12. Бала асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесуге әлеуетті ата-аналардың балалар үйлері мен балалар үйлеріне баруы әлеуетті ата-аналар теріс нәтижемен ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
13. Жаңадан түсетін пациенттер медициналық-әлеуметтік мекемелерге COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжат бар болғанда қабылданады.
14. Aзаматтық персонал адамдарын, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған жеке құрамды қашықтықтан жұмысқа ауыстырады.
15. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жеке медициналық кітапшасы және жұмысқа рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді.
16. COVID-19 жағдайымен жақын байланыста болғандар арасындағы COVID-19-ға зерттеуді жүзеге асыратын зертханалардың қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде байланыс анықталғаннан бастап 1-күні COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеріледі. ПТР әдісімен жүргізілген COVID-19-ға хертханалық тексеру қорытындысы теріс болған жағдайда инфекциялық қауіпсіздік және ЖҚҚ қолдану талаптарын қатаң сақтай отырып, өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады. 17. Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканы бастау алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжат болған кезде жіберіледі.
18. «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте 45-ші күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі.
19. Вакцинациядан кейінгі кезеңде медициналық бақылауды медицина қызметкерлері КВИ-ға қарсы егуді алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде жүргізеді. Медицина қызметкері егу алдында вакцинацияланатын адамға вакцина енгізілгеннен кейінгі алғашқы 3 күнде көңіл-күйінің бұзылу белгілері пайда болған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажеттілігі туралы түсіндіреді.
Қаулы 2021 жылғы 3 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.