Зауытта жарылыс болып, үш адам қаза тапты

0
267

Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеп жатыр.


Зауытта жарылыс болып, үш адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Башқұртстанның Стерлитамак қаласында орналасқан «Авангард» қорғаныс кәсіпорнында жарылыс болып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп жазады BAQ.KZ.

Аймақтың премьер-министрі Андрей Назаровтың мәліметінше, тағы тоғыз адам жарақат алған, олардың бесеуі ауруханада жатыр.

“ Барлығы тоғыз адам ауруханаға түсті, олардың төртеуі қазір үйіне жіберілді. Тағы бесеуі таңертеңгі жағдай бойынша ем қабылдауды жалғастырып жатыр “, – деді Назаров.

Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.