"Вакцина салдырғандар пневмония болмайды" - дәрігер

0
2 738

Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, вакцинациядан өткен адамдар коронавируспен басқаша ауырады.


Елімізде 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинациялау басталған болатын. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Осы орайда ERNUR.KZ тілшісі вакцинаға қатысты редакцияға келіп түскен сауалдарды топтап, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына жолдаған болатынбыз. Сұрақтарға қалалық №8 емхананың бас дәрігері Сара Оспанова жауап берді.


Сұрақ: Ауыр дерті барлар (рак, диабет, жүрек-қантамыр, астма, зоб және т.б.) Вакцина салдырса, қандай жанама әсері болуы мүмкін? Осы сияқты тағы қандай дерті барларға вакцина салдыруға болмайды?

Жауап: БҮГІНГІ КҮНІ ВАКЦИНАЦИЯҒА ТЕК 2 ТҰРАҚТЫ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР БАР. Бұл осы вакцинаны алдыңғы енгізгеннен кейін 48 сағат ішінде дамыған күшті реакция және осы вакцинаны алдыңғы енгізудің асқынуы.

Сондай-ақ иммун тапшылығы, АИТВ-жұқпалары, қатерлі ісіктері бар адамдарға, оның ішінде қанның қатерлі аурулары мен алынған адамдарға тірі вакциналармен ВАКЦИНАЦИЯ жүргізілмейді.


Сұрақ: Егер, вакцинадан соң осындай дерті барлардың ауруы асқынса немесе ауыр жағдайға душар етсе оған кім жауапты болады?

Жауап: Профилактикалық егуді жүргізу алдында дәрігер егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, ықтимал реакциялар және иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер туралы толық және объективті ақпарат береді. Және де миммундаудан кейін мүмкін болатын реакциялар мен қолайсыз көріністерді медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы ескертеді.

СОНДАЙ-АҚ, МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ВАКЦИНАЦИЯДАН КЕЙІН ЕГІЛГЕН АДАМДАРДЫ АЛҒАШҚЫ 30 МИНУТТА ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ВАКЦИНАЦИЯДАН КЕЙІНГІ ҮШ КҮН ІШІНДЕ БАҚЫЛАЙДЫ.

Вакцинаны қолдануға тән жағымсыз көріністер көбінесе жеңіл немесе орташа айқындылық дәрежесінде болады, мұндай жағдай вакцинациядан кейінгі бірінші-екінші тәулікте дамуы мүмкін және 3 күнге дейін бұл қалыпты болып табылады.

Көбінесе қысқа мерзімді жалпы (қалтырау, дене температурасының жоғарылауымен сипатталатын қысқа тұмау тәрізді синдром, артралгия, миалгия, астения, жалпы әлсіздік, бас ауруы) және жергілікті (инъекция орнындағы ауырсыну, гиперемия, ісіну) реакциялар дамуы мүмкін.

Күрделі ИКҚК дамыған кезде денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерін тарта отырып, ИКҚК жөніндегі сараптама комиссиясы құрылады. ИКҚК-нің әрбір жағдайы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 "Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайларын тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу және олардың есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының талаптарына сәйкес тіркелуге, есепке алынуға және тергеп-тексерілуге жатады.

ИКҚК тіркелген жағдайда тергеу жүргізіледі. Егер вакцинациямен (енгізу техникасын бұзу, вакциналарды сақтау және тасымалдау талаптарын бұзу) байланысты жағдай анықталса, жауапты адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Сұрақ: Маусымдық аллергиясы барлар вакцина салдыра ма? Салдыратын болса сынама жасала ма? Ол қалай жасалады?

Жауап: Маусымдық аллергиясы бар адамдарға мүмкін аллергендер болмаған кезеңде вакцинация алу ұсынылады. Егер бұл гүлденуге аллергия болса, онда вакцинация гүлдену болмаған кезеңде жүргізілуі керек. Вакцинация алдында сынамалар жүргізілмейді.


Сұрақ: Мәселен, сауда орталықтарында вакцина салдырған адам өзінің қандай ауыр дерті барын білмеуі мүмкін. Оның жауапкершілігін кім арқалайды? Әлде сол жерде барлық сынама жасалып, тексеріле ме? Тексеруге қанша уақыт кетеді және процесс қалай жүреді?

Жауап: Вакцинация алдында дәрігер міндетті түрде тексеру жүргізеді. Дене температурасын, қан қысымын және қанның оттегімен қанығуын өлшейді. Созылмалы аурулардың болуына, дәрі-дәрмектер мен азық-түлікке аллергиялық көріністерге сауалнама жүргізіледі. Осыдан кейін ғана вакцинацияға рұқсат беріледі.

Содан соң вакцинациядан кейін науқас 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Жалпы алғанда, вакцинациядан кейінгі бақылау мен тексеруге шамамен 1 сағат кетеді.


Сұрақ: Жүкті екенін білмей вакцина салдырып қойса, не істеу керек? Жүктілікті үзе ме?

Жауап: Вакцинациядан бұрын әйелдер міндетті түрде жүктіліктің болуы туралы сұрайды. Егер әйел күмәнданса, онда олар тест пен дәрігердің кеңесін алуға кеңес береді. Осыдан кейін ғана вакцинация жүргізіледі.

Егер әйел вакцинациядан кейін жүкті болса, емделуші дәрігермен кеңесуі керек.

Гамалей институты (Н.Ф.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы (РФ) - уикипедия) мамандарының айтуынша, адамның толыққанды аденовирустары (организмде көбеюге қабілетті) құнарлылыққа әсер етпейді. Вакцинада қауіпсіз аденовирустық векторлар қолданылады. Олардың адамның ұрпақты болу жүйесіне қатысты қауіпсіздігі туралы үлкен дәлелдер базасы бар және ондаған мың еріктілер мен пациенттерде өз қауіпсіздігін көрсетті.


Сұрақ: Биыл 18-ге толмаған 11 және 9 сыныпты бітіріп оқуға түсетін түлектерден вакцина салдыру талап етіле ме?

Жауап: "Спутник V" вакцинасы 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды, себебі вакцинаны осы жас тобында қолдану әлі зерттелген жоқ. Вакцинаны тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады.


Сұрақ: Вакцина салдыру кезеңі басталғалы бері қандай да бір кері әсер еткен, ауыр жағдайлар орын алды ма? Орын алған болса ол қандай себеппен?

Жауап: 1 ақпаннан бастап қазіргі күнге дейін біздің қаламызда ауыр зардаптар тіркелген жоқ. Вакцинациядан кейін дененің жеке реакциясы байқалды. Клиникалық зерттеулер, сондай-ақ ұқсас технологиялық платформа негізінде басқа вакциналарды зерттеу шеңберінде анықталған вакцинаны қолданудан жағымсыз әсерлер көбінесе жеңіл немесе орташа біліну дәрежесінде болады.

Бұл жағдай вакцинациядан кейінгі бірінші-екінші тәулікте дамуы мүмкін және келесі 3 күн ішінде қалыпты болып табылады. Көбінесе қысқа мерзімді жалпы (қалтырау, дене температурасының жоғарылауымен сипатталатын қысқа тұмау тәрізді синдром, артралгия, миалгия, астения, жалпы әлсіздік, бас ауруы) және жергілікті (инъекция орнындағы ауырсыну, гиперемия, ісіну) реакциялары дамуы мүмкін. Ресейлік әріптестердің айтуынша, вакцинацияланғандардың 6%-ында КВИ вакцинасына ИКҚК тіркелген.


Сұрақ: Вакцина салған соң коронавируспен ауыру жағдайы қалай өтеді? Вакцинацияланған адам коронавируспен ауырса ол өзгеге жұқтыра ма?

Жауап: Вакцинациядан өткен адамдар жұқтыруы мүмкін, бірақ олар басқаша ауырады (басқа вакцинация сияқты). Абсолютті қорғауға кепілдік берілмейді, бірақ вакцинацияланған пациенттерде инфекция асқынусыз оңай өтеді. Мысалы, бүйректің, жүректің зақымдануы, реакциялардың баяулауы, пневмония болмайды.


Сұрақ: Вакцина салдырған адам қандай да бір себеппен оның екінші компонентін салдыру уақытын өткізіп алса, қайтадан бірінші компонентін ала ма?

Жауап: Коронавирусқа қарсы вакцинация 21 күндік аралықпен екі кезеңде жүргізіледі. Ауру немесе медициналық ұйымға 21-ші күні келу мүмкін болмаған жағдайда екінші кезеңді кейінге қалдыруға болады. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вакцинация 2-4 аптадан кейін жүргізіледі. 2-кезеңді кейінге қалдыруға болатын ең ұзақ мерзім-2 ай. 1-ші компонентті қайта енгізу жүргізілмейді.