Ыстық ауа райында коронавирус ауыр өтеді - дәрігер

0
1 905

​Ыстық ауа райында коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары.


Ыстық ауа райында коронавирус ауыр өтеді - дәрігер

ERNUR.KZ. Ыстық ауа райында коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сонымен қатар мұндай кезеңде вирус ауыр өтеді. Бұл туралы Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің ересектерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша бас штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников айтты, деп жазады sputniknews.kz.

"Ыстық күндері ауруға шалдығу қаупі жоғары. Өйткені ағзаға салқын тию, иммунитет төмендеуі мүмкін. Осылайша организм бактериялар мен вирустарға қауқарсыз болады. Сондай-ақ ыстық ауа райы басқа аурулар сияқты, коронавирустың да ағымын ауырлатады. Жалпы ыстық ағза үшін үлкен стресс, - деді Тяжельников РИА Новостиге берген сұхбатында.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін коронавирусқа қарсы вакцинаны мүмкіндігінше тезірек алу керек дейді дәрігер. Вакцина әсіресе созылмалы ауруы бар, қарт және иммунитеті әлсіз адамдарға қажет.

Коронавирусты жұқтырып алғандар бөлмедегі ылғалдылық пен температураны мұқият қадағалап, оны қолайлы деңгейде ұстауы керек. Ол үшін бөлмені желдетіп, ылғалды тазалауға назар аударыңыз.

Еске салайық, өткен жылы пандемия жаңа басталған кезде басым көпшілік ыстық күндер келісімен вирус жойылады деп үміттенген болатын. Алайда бұлай болмады. Дәрігерлер жаз мезгілінде респираторлық инфекциялардың төмендеуі адамдардың үй-жайларды жиі желдетуіне байланысты екенін атап өтті.