Бензин ҮНЕМДЕУДІҢ қарапайым амалдары

0
3 573

Күн өткен сайын автокөлік сатып алатын адамдар саны артып келеді. Тиісінше, жанармай шығынын үнемдеу де бас қатыратын ғаламдық мәселеге айналып отыр.


Бензин ҮНЕМДЕУДІҢ қарапайым амалдары

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жанармай шығынын азайту мәселесін қарастыруда екі негізгі мақсат бар: біріншісі – қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасау, екіншісі – экологиядан да маңызды болып тұрған қаржы үнемдеу. Сонымен, бензин шығынын қалай азайтуға болады? Сіздер үшін көптеген керекті кеңестер ұсынамыз.


1. Көлікке уақытылы көңіл бөлу



Алдымен ауа сүзгісін қарау қажет және бұл қарапайым амалды кез келген маркалы автокөлікке қолдануға болады. Егер, сүзгінің жұмыс бөлігі едәуір ластанған болса, онда бұл қозғалтқышқа ауаның жетуіне кедергі келтіріп, бензин шығынының көбеюіне себеп болады. Мұндай жағдайда фильтрді ауыстыру қажет, ал ауыстыру көп уақыт пен кәсіби мамандардың қызметін қажет етпейді.


2. «Мотордың майын» дұрыс таңдау



Мотордың майын дұрыс таңдау – отын шығынын азайтуы мүмкін. Жанармайдың жану процесінде көліктің маңызды тораптарында қозғалыс жүреді. Ал, мотор майының сапасы нашар болса, бөлшектер арасында қатты үйкеліс пайда болады және бұл энергия мен бензин шығынын айтарлықтай арттырады. Сондықтан, қозғалтқыш майын қатесіз таңдау маңызды.


3. «Час пиктегі» дұрыс қозғалыс


Дәл осы уақытта көптеген жүргізушілер оталған қозғалтқышпен кептелісте тұрады. Ал, Сіз мұндай жағдай болатынын білсеңіз, бағдаршамға жақындаған кезде қозғалтқышты өшіріп, тежегішті басыңыз. Осылайша, артық шығынсыз бағдаршамға баяу жетуге болады.


4. Жол жүру «стилі» маңызды



Бірден жылдамдықты арттырып немесе газ бен тежегішті бірдей басып жүру стилі, яғни спорттық стиль отын шығынын айтарлықтай ұлғайтады. Сондықтан, тахометрді бақылауда ұстау қажет.


5. Дөңгелектегі қысымды бақылау




Тәжірибелі жүргізушілер шина ішіндегі ауа қысымының бензин шығынына қалай әсер ететінін біледі. Сондықтан, әр сапар алдында қысым көрсеткішін бақылау маңызды. Егер, дөңгелектер нашар үрілсе, жанармай шығыны артады.


6. Барлық жұмыс істеп тұрған құрылғылардың жағдайын қадағалау қажет

Жұмыс істеп тұрған кондиционер, фаралар, магнитофон, пеш және т.б. құрылғылар бензин шығынын көбейтеді.


7. Кейбір сәндік құралдардан құтылуға болады



Көптеген жүргізушілер басы артық сәндік бөлшектер отын шығынын көбейтетінін біледі. Олардың бастылары – үлкен көлемді «бампер» мен ұлғайтылған дискілер.


8. Бензин маркасын дұрыс таңдау



Бағасы қымбат бензинді пайдалану көліктің динамикалық сипаттамаларын айтарлықтай жақсарта алады және жанармай шығыны да айтарлықтай арта түседі. Ал, қаржы үнемдеу үшін автоөндіруші нұсқаулығымен танысу керек. Яғни, Сіздің автокөлігіңізге қандай ең арзан бензинді пайдалануға болатынын анықтап алыңыз.


9. Көліктің салмағын ескеру



Барлық көліктің салмағы жанармай шығынына әсер етеді. Ал, тәжірибелі жүргізушілер көліктің салмағын бақылай отырып, отын шығынын қалай азайтуға болатынын біледі. Сіз де біле жүріңіз, отын шығынын азайту үшін жүксалғыштан қажетсіз барлық заттарды алып тастау жеткілікті.


10. «Автомат коробканың» орнына «механикті» таңдаңыз



Егер, Сіз үшін бензин шығынын азайту маңызды болса, механикалық беріліс қорабы бар көлікті таңдаңыз. Себебі, автоматты беріліс қорабы отын шығынын кем дегенде 15 пайызға арттырады.


11. Әйнек ашудан бас тарту


Жол жүріп бара жатқанда терезелерді ашып отырғанды ұнататындар бұл әрекеті қозғалтқышқа артық күш жасайтынын ескеруі қажет.Сондықтан, бензинді үнемдеу үшін жолда терезелерді жауып отырған дұрыс.


12. Жанармайды газға ауыстыру




Бензин шығынын үнемдеудің дәстүрлі бір әдісі – бензинді газға ауыстыру. Бұл шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Алайда, амалдың нәтижесінде кемшіліктер де туындайды: жүксалғыштың көлемі азаяды, жүру жылдамдығы төмендейді және т.б.


13. Жылдамдықты бақылау



Қозғалыс жылдамдығын автокөлік өндірушілері ұсынған жылдамдыққа сәйкес бақылауда ұстау қажет. Себебі, жылдамдық жоғарылаған сайын қозғалтқыш жұмысына қажетті бензин шығыны да арта береді.


14. Бірлесіп жол жүруді ұйымдастырыңыз



Сіз күн сайын бір бағыт бойынша жұмысқа немесе оқуға барғанда, таныстарыңыз, достарыңыз немесе әріптестеріңізді жолсерік етіп ала аласыз. Егер, олармен келісіп, бензинге кететін шығындарды бөлсеңіз, үнемдеудің тамаша тәсіліне айналады. Сондай-ақ, бұл ұзақ жолдарға да қатысты.


15. Қозғалтқышты қыздырудың маңызы



Суық түскеннен бастап моторды жылы ұстауға тырысу қажет, бұл Сізге оны қаздыруға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қозғалтқышты жылыту уақытының аз-көптігі отын шығынына да тікелей әсер етеді. Айта кетейік, қазіргі таңда өндірушілер жылуды жақсы сақтайтын, жоғары және тым төмен температураға қарсы тұратын арнайы ықшам жылытқыштар шығарып жатыр.


16. Автономды жылытқыштарды пайдалану



Ауа температурасы 0-ден төмендегенде, жүргізушілер қозғалтқыштың ұлғайтылған пешіне көшуге мәжбүр болады және оған қосымша бензин шығыны қосылады. Бұл ретте, жылдың суық мезгілінде қуатты агрегатты іске қосу мәселесін толық шешуге мүмкіндік беретін арнайы желдеткішті пайдалануға болады. Мұндай жылужелдеткіштерді орнату үшін кәсіпқойларға хабарласыңыз, өйткені оны іске қосу үшін көліктегі электр желісі қызмет жасайды.


17. Бензин бағасын бақылау



Көптеген жүргізушілер өз көліктеріне бір жерден ғана жанармай құюға үйреніп, басқа да бекеттерді елемеуге әдеттенген. Алайда, жанармай бекеттеріндегі отын бағасын бақылау үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, баға мен сапаның оңтайлы үйлесіміне назар маңызды.


18. Бонустарды пайдалануды ұмытпаңыз



Еліміздегі отын компаниялары тұтынушыларды тарту үшін маркетингтік амалдарды пайдаланады. Мұндай маркетингтік қадамдарға тұрақты клиенттерге арналған бонустық карталар жатады. Олар отынды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді. Әдетте, бонустық ұпайлар бакты толық толтыру кезінде есептеледі және одан кейін, жиналған ұпайларды ескере отырып бензин сатып алуға болады.


19. Бензин ақшасын банк картасы арқылы төлеу



Анығында, Visa немесе MasterCard картасы әр адамда бар. Олар да айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді, яғни келісімшарт бойынша, тұтынушылар бензинді картамен төлеген кезде 5 пайыз көлемінде жеңілдік алады. Мұндай бағдарламалар қазір көптеген банктерде іс жүзінде әрекет етеді. Отын құнын картамен төлегенде Сіз жеңілдікке ие боласыз ба, оны картаңызды шығарған банкке қоңырау шалып біле аласыз.


20. Жанармайды түнде құю



Кейбір жанармай бекеттері 23:00-ден кейін өз тұтынушыларына 5 пайыз жеңілдік береді. Мұндай акция әдетте 7:00-ге дейін жалғасады.


21. Маусымдық шиналар


Жанармай шығынына шина табанының ені де әсер етеді. Протектор енді болған сайын, бензин шығыны да көп болады. Сондай-ақ, оларды уақытылы алмастырмау да үлкен шығынға әкеледі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қолдан көлік сатып алу кезінде нені ескеру керек? (КЕҢЕСТЕР)


Автокөлік шиналарын осылай сақтап, тағы бір маусым қолдануға болады