Жүргізушілер үшін: Түнгі сапарға арналған ӨТЕ ПАЙДАЛЫ кеңестер

0
2 419

Бұл кеңестердің пайдасы өте мол.


Жүргізушілер үшін: Түнгі сапарға арналған ӨТЕ ПАЙДАЛЫ кеңестер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бір қызығы, түнде жолдағы қозғалыс қарқындылығы күндізгіге қарағанда 10 есе аз болғанымен, жол апаттарының жартысына жуығы дәл осы уақытта орын алады. Сондай-ақ, түндегі жол апаттары ең ауыр оқиғалар қатарына жатады. Себебі, түнде жол бос болады және жүргізушілер жылдамдықты арттырады. Ал, жоғары жылдамдық оқыс оқиғалар кезінде жағдайды дұрыстауға өте аз мүмкіндік береді.


Түнгі сапарға байланысты негізгі үш мәселе:


Бірінші фактор - шаршау

Түнде кез келген жүргізуші күндізгіге қарағанда шаршау болады. Тиісінше, межелі жерге тез жетуді ойлайды. Тіпті, көзі ілініп кетіп, бірнеше секундтың ішінде қайғылы жағдайлар орын алып жатады.


Екінші фактор - шектеулі көріну

Түнде көзге көрінетін қашықтық пен айналадағы анықтық азаяды. Сондықтан қараңғы мезгілде жылдамдықты түсіріп жүрген абзал.


Үшінші фактор-қарсы бағыттағы жарық

Екі көлік қарама-қарсы бағытта келе жатқанда жақынға түсетін жарықты жағуы тиіс. Бірақ, жүргізушілердің барлығы бірдей олай жасай бермейді. Нәтижесінде, қарсы бағыттан түскен жарық көзді байлап, оның әсері кемінде 30 секундқа дейін сақталады. Демек, мұндай жағдайда жарты минут бойы жолды дұрыс көре алмайсыз деген сөз. Ал, жарты минут жолда адам тағдырын шешетін уақыт.


СОНДЫҚТАН ТҮНГІ САПАРДЫҢ СӘТТІ ӨТУІНЕ ЫҚПАЛ ЖАСАЙТЫН КЕҢЕСТЕРДІ ЕСТЕ САҚТАП АЛЫҢЫЗ


Бірінші - фаралар туралы

Егер автомобильде фараларды автоматты түрде реттейтін жабдық болмаса, түнгі сапарға шықпас бұрын шамды өзіңіз реттеп алыңыз. Бұл сәтте көлікке мінетін жолаушылар мен тиелетін жүкті ескеру қажет. Сонымен қатар, алдыңыздағы және қарсы бағыттағы көлік жүргізушілерінің жолды көруіне кедергі келтірмеу керек. Ол үшін басқа көліктерге жақындағанда ұзаққа түсетін жарықты өшіріп жүру қажет.


Екінші - әйнек пен айна

Айына бір рет көліктің әйнектері мен айналарын дұрыстап тазалап қою қажет. Себебі, көлік терезелері мен айнасына толып қалатын дақтар жолдағы басқа да көліктерді бақылап отыруға кедергі келтіріп, кейде тіпті көсетпей қоюы да мүмкін.


Үшінші – жарықшамдар

Қазір көліктердің жарығы күндіз де жанып тұруы қажет. Бұл ережені сіз де ұмытпаңыз. Өйткені, бұл да жолдағы қауіпсіздікке тікелей байланысты болады. Автокөлік пәтер емес. Оның электр қуатын үнемдеу ақылға симайды.


Төртінші - қарсы жүру

Сіз де, қарсы келе жатқан көлік жүргізушісі де жақын қашықтыққа түсетін жарықты қосқанның өзінде жылдамдықты азайту керек. Себебі, мұндай жағдайдың өзінде жолдың айналасындағы түнгі тіршілік дұрыс көрінбейді. Сондықтан, қарсы келе жатқан көлікке жақындағанда аяғыңызды үдеткіштен алып, тежегішке ауыстырған жөн.


Бесінші - жалғыз фара

Егер қарама-қарсы бағыттан бір ғана фарасы жанған көлік келе жатса, ол мотоцикл немесе кәдімгі көлік болуы мүмкін. Мұндай кезде максималды нұсқаны қабылдап, автомобиль деп ойлаған дұрыс. Және қозғалысты ойыңызға сай реттеңіз.


Алтыншы - жарықшамдар алдайды

Түнгі сапар кезінде артыңыздан келе жатқан көліктің арақашықтығын нақтылау қиын болады. Бүйірдегі айналар оның жарығын алыстатып көрсеткенімен, көлік жақындап қалуы әбден мүмкін.


Жетінші - көтерілу және түсу

Автокөлік жолдарыны барлығы теп-тегіс емес. Тиісінше жоғары көтерілетін немесе құлдилайтын жерлер болады. Егер, сіз осындай жерден жоғарыға көтеріліп бара жатсаңыз, төмен қарай түсетін көліктің жарығы сіздің көру қабілетіңізге айтарлықтай кедергі келтіретінін ескеріңіз. Ал, жоғарыдан түсетін болсаңыз, көтеріліп келе жатқан көлік жүргізушілеріне зиян тигізбеуді ойлағаныңыз абзал.


Сегізінші - бейтаныс жол

Егер сіз түнде бейтаныс жолмен жүрсеңіз, әр бұрылысты қауіпті деп қабылдаңыз. Себебі, қараңғы көру қабілеті мен қабылдау дәлдігін азайтады. Бейтаныс жолда жылдамдықты арттырамын деп, опық жеп қалмаңыз.


Тоғызыншы - жүк көліктері

Түнде жүк көліктерінен де сақ болған жөн. Себебі, олардың шынайы көлемі айналасына орнатылған шамдармен сәйкес келмеуі де ықтимал.



Оныншы - өзіңізді ойлаңыз

Адам үшін түнгі тіршілік әрдайым қауіпті. Әсіресе, көлікпен ұзақ сапарға шыққанда. Ал, бұл әрекетке амалсыздан барсаңыз, көру қабілетін жақсарту үшін тілдің астына бір тілім лимон салып жүріңіз. Бұл әдісті екінші дүниежүзілік соғыс кезінде түнгі әскери қимылдар үшін ұшқыштар қолданған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ӨТЕ ҚЫМБАТ көліктердің қатысуымен болған апаттар – ТАРИХТАН ДЕРЕК


Патшайым Елизавета II көлік жүргізуді ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРГЕН