«ӨЛМЕЙТІН КӨЛІКТЕР»: Әлі де шығарылып жатқан ЕҢ КӨНЕ автомобильдер

0
5 630

Өндірушілер де шыдамды екен.


«ӨЛМЕЙТІН КӨЛІКТЕР»: Әлі де шығарылып жатқан ЕҢ КӨНЕ автомобильдер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір жыл сайын бірнеше жаңа көліктер жарыққа шығады. Олар жайлы әрдайым айтып, жазып келеміз. Енді сөз кезегін қаншама жылдар бойы үздіксіз шығарылып келе жатқан көнекөз көліктерге бұрмақпыз.


Мәңгілік классика: Toyota Land Cruiser 70

Сөзімізді «қартаймайтын» бестселлерден бастайық. Бұл санаттың ең жарқын өкілі – Toyota Land Cruiser 70. Әрине, бұл көлік 1984 жылдан бері өзгеріссіз шығарылды деп айтуға болмайды. Себебі, бұл модель де модернизацияларды, кішігірім жаңартуларды бірнеше рет бастан өткерді. Соңғы рет 2023 жылы көліктің оптикасы, сорғыш пен алдыңғы қанаттардың жаңа пішіні, тор, бамперлер, бүйірлік айналар және интерьер бөлшектері өзгертілген. Ескі 4,5 литрлік турбодизель V8 қозғалтқышының орнына жұп алты сатылы, гидромеханикалық автоматты беріліс қорабымен біріктірілген жаңа 2,8 литрлік, төрт цилиндрлі турбодизель қозғалтқышы да орнатылды.


Дегенмен, 2007 жылғы көліктің алдыңғы жағының жаңаруы айтарлықтай маңызды болған. Содан кейін Land Cruiser 70 басқа жақтауға, қосымша қауіпсіздік жастықтарына, қауіпсіздік белдіктерін ұзартқыштарға, тұрақтандыру жүйесіне, тауға көтерілу көмекшісіне, круиздік бақылауға, жаңартылған Euro 5 V8 турбодизельді қозғалтқыштарға ие болды. Уақыт өте келе, негізгі нарық үшін (яғни Австралия үшін) көлікке заманауи электронды көмекшілер де қосылды. Олар: автоматты апаттық тежеу және жол белгілерін бақылау жүйелері, жылдамдықты шектеу белгілерін тану жүйесі және фаралар жарығын алыс қашықтықтан жақын жерге автоматты түрде ауыстыру жүйесі. Дегенмен, сыртқы келбетіне қарасаңыз, бұл көлік әлі де жұмыс істеп тұрған жетпісінші жылдардағы "крузак" болып қала береді.


«Жүзі таныс» Chevrolet Lacetti

Егер сіз арзан әрі сенімді көлік сатып алғыңыз келсе, дилерлерге жүгінудің қажеті жоқ. Себебі, қазір ондай машиналар жоқтың қасы. Бірақ Өзбекстанда бар. Дәлірек айтсақ, UzAuto Motors зауыты (бұрынғы General Motors Uzbekistan) әлі күнге дейін 2002 жылғы үлгідегі ескі Chevrolet Lacetti көлігін шығарады.

Алдыңғы жағы тойотаға ұқсайтын бұл көлік бірнеше рет жаңартылдған. 20 жылдан астам уақыт ішінде өзгертулер тізімі байыпты жинақталған, біз олардың барлығын тізіп шықпаймыз, бірақ ең маңыздыларын атап өтеміз. Сонымен, Қазіргі Lacetti-де басқа қозғалтқыштар болады. Дәлірек айтсақ, бұл көліктегі қозғалтқыш төрт нұсқаның бірі болуы мүмкін, олар – F14D3, F16D3, F18D3 немесе U20SED. Сонымен қатар, ұзақ қызмет ететін b15d2 қозғалтқышымен жабдықталуы мүмкін. Бұл жабдық Өзбекстанда GM Powertrain зауытында жиналды. Дәл осы қозғалтқыш бір кездері Chevrolet Cobalt көлігіне салынған. Сыртқы айырмашылықтар да көп. Оптика, алдыңғы қанаттар, сорғыш, тор, бамперлер – мұның бәрі бұрынғы Chevrolet Lacetti седандарындағыдай емес.

Жалпы, бұл өз класы үшін жаман машина емес. Алайда, 2024 жылдың қаңтарынан бастап бұл көлікті өндірістен алып тастады. Зауыттың бұл туралы хабарламасында: «Шешім GM Global саясатымен байланысты. Lacetti үшін компоненттер шығаратын кәсіпорындардың өндірістік қуаты жаңа модельдерге бағытталатын болады» - деп жазылған. Дегенмен, Өзбекстанда жаңа Lacetti көліктері әлі де бар және бағасы қолжетімді. Айтпақшы, бұл біздің тізімдегі ең жас көлік.


Жапондық: Chevrolet Damas

Егер біз Өзбекстан туралы айта бастасақ, онда 1996 жылдан бастап шығарылып келе жатқан тағы бір көлік – Chevrolet Damas еске түседі. Бұл көліктің шығу тарихы да ерекше: себебі оны Өзбекстандағы екі зауыт бірінен кейін бірі шығарып келеді. Атап айтсақ, бастапқыда және 2014 жылға дейін ол UzDaewooAuto–да, 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – GM Uzbekistan Хорезмавтода өндіріледі. Ал, 1991 жылдан 1996 жылға дейін ол Кореяда (GM Korea), яғни өз Отанында жиналған. Ал, тереңірек зерттесеңіз, 1985 жылғы Suzuki Every үлгісінің көшірмесі болып шығады.

Жаңа Chevrolet Damas қарапайым: салонда музыка мен пештен басқа ештеңе жоқ, қозғалтқыштың көлемі 0,8 л, механикалық қорап бес сатылы. Бірақ ең бастысы, бұл көлік жүре алады және бағасы қолжетімді. Әр жылдары өліктің жарықшамдары мен ұсақ-түйектері ғана өзгерген.


Бүкіл әлем ұмытып кетті, ал Иранның есінде: Zamyad Z24 / Shooka

Тегеранда Zamyad деп аталатын компания бар. Ол 1963 жылы құрылған және оның алғашқы көліктері Volvo жүк көліктері. Zamyad әлі күнге дейін коммерциялық көлікке маманданған, бірақ өз ісін дамытуға асықпайды. Мысалы, үшінші буынға жататын Nissan Junior-ға назар аударайық. 1970 жылдары шығарыла бастаған. Бұл көлік кезінде екі литрлік және 1,6 л бензин қозғалтқыштарымен, кейіннен 2,2 литрлік дизельді қозғалтқышпен дебют жасаған қарапайым пикап. Бірақ Zamyad мұндай ескі машинаны өндіріске алған жоқ. Олар оның 1979 жылғы рестайлингін сол қозғалтқыштардың экологиялық таза нұсқаларымен қабылдады. 1979 жылға дейінгі машиналар 140-серияға, кейінгілері 141-серияға жатқызылды. Жалпы алғанда, бұл нұсқалар арасында басқа айырмашылықтар болған жоқ.

Ал, Жапонияда 1982 жылға қарай Nissan Junior шығарылымы аяқталды. Бірақ көлік «мәңгілік ұйқыға» кеткен жоқ. Өйткені ирандық Замяд компаниясы көліктің өндірісін тоқтатқысы келмеді.

Сөйтіп, Иранда Nissan Junior-дің екі литрлік нұсқалары ғана шығарылды. 1986 жылы өндіріс желісі басқа ирандық өндірушіге (Saipa) ауыстырылып, машинаға жаңа қозғалтқыш жеткізілді. Бірақ, бұл компанияның бақыты ұзаққа созылмай, өндіріс 1998 жылы Zamyad-қа қайта оралған. Осы компанияда аталған көлік әлі де шығарылады.

Әрине, өндіріс өзгеріссіз болған жоқ. Атйалық, 2008 жылдан бастап Zamyad қытайлық FAW ca4d28c4-1 (93 а.к.) дизельді қозғалтқышын қолдана бастады. Беріліс қораптары бірдей механикалық төрт немесе бес сатылы болып қалды. Өндіруші қытайлық дизельді қозғалтқышпен жүретін пикаптың максималды жылдамдығы 160 км/сағ екенін айтады. Айтпақшы, өндіріс Zamyad–қа оралғаннан кейін, көліктің атауы да өзгеріп, пикап Z24 атауын алды және тағы бір жаңарту кезінде Shooka атауын иеленді. Бірақ елу жасар Nissan Junior-ды көргендей боласыз.


Кішкентай және мәңгілік: Mitsubishi Delica II

Mitsubishi Delica-ның екінші буыны 1979 жылы шығарылса, 1982 жылы осы көліктің толық жетекті нұсқасы пайда болды. Көлік сәтті болды: тым қымбат емес және өте төзімді. Сондықтан оны 1986 жылы микроавтобус ретінде қолдануды тоқтатқаннан кейін де, жүк көлігі ретінде тағы сегіз жыл шығарылды (1994 жылға дейін). Ал, Hyundai компаниясы Porter атымен деликаны 1997 жылға дейін борттық жүк көлігі түрінде шығарды. Ұзақ тарих иә? Бірақ Mitsubishi Motors Philippines компаниясына Mitsubishi Delica-ның осы буыны бойынша рекорд тиесілі, олар әлі күнге дейін бұл көлікті Филиппинде шығарады.

1987 жылы деликаны Mitsubishi L300 versa Van атауымен шағын автобус ретінде шығарылған. Ал, 2014 жылы жергілікті өндіруші Centro Manufacturing L300 қоғамдық көлік, мектеп автобусы немесе жедел жәрдем көлігі ретінде пайдаланылған XV Microbus микроавтобусы ретінде шығарды. Содан бері бұл елдегі екінші буын Делика қайтадан жұмыс істеп келеді.

2017 жылы Mitsubishi Motors Philippines ескі L300 дизельді қозғалтқышын жаңартса, 2019 жылдың сәуірінде Еуро-4 стандарттарына сәйкес келетін жаңа 4n14 crdi дизельді қозғалтқышы салынды. Бұл 1997 жылдан бергі Делики ұрпағының жалғыз маңызды жаңартуы болуы мүмкін.

1987 жылдан 2009 жылға дейін филиппиндік көліктің алдыңғы панелінің дизайны өте аз өзгерген және негізінен интерьер жаңартылған. Бірақ 2019 жылы Деликеге басқа Mitsubishi модельдерінде қолданылатын «динамикалық қалқан» дизайн тіліне ұқсас, жаңа, көлденең хромды тор берілді. Себебі, көлікті ескі L300-ден қандай да бір жолмен ажырату керек еді.

2020 жылы L300 өндірісі 200 000 бірлікке жетті. Сонымен қатар, 2022 жылы бұл көлік тіпті Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына, әсіресе Индонезияға экспорттала бастады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


2023 жылдың ЕҢ ҮЗДІК 10 автокөлігі анықталды


ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ және ЖАҢА ҮЛГІ: 2024 жылы шығарылатын ЕҢ МЫҚТЫ көліктер