Жол апатына ТҮСПЕУ үшін НЕ ІСТЕУ керек?

0
2 868

Дүниежүзінде халық саны өскен сайын, көлік саны да артып, жол апаттары жиі орын алатын болып кеткен. Қазақстанның өзінде күн сайын көптеген жағдайларды естіп, кейбіріне куә болып жатамыз.


Жол апатына ТҮСПЕУ үшін НЕ ІСТЕУ керек?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Егер әр жүргізуші қарапайым қауіпсіздік және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаса, мұндай жағдай азаяр еді. Ал, ол ережелер ҚАНДАЙ?


Ең бірінші және ең қарапайым кеңес – жол жүру ережелерін сақтау. Әрине, өмір бойы қателік жібермеу мүмкін емес, әсіресе тәжірибесі аз адамдар үшін. Дегенмен, барынша сақ болсаңыз жол апатының ықтималдығын айтарлықтай азайтуға болады.


Автокөліктің техникалық жағдайын бақылау қажет. Өйткені, қандай да бір ақауы бар көліктер жол апатын жиі туындатады. Оның ішіне: тежегіштердің жұмысы, қозғалтқыштың жарамдылығы, дабыл мен шиналардың тозуы кіреді.


Жолда басқа да көліктер бар екенін ескеру керек. Бұл әрбір істі мұқият жүзеге асыруға дағдыландырады. Сонымен қатар, өз әрекетіңіз дұрыс болса да сақтанған дұрыс. Өйткені, кейбір тәжірибесіз жүргізушілер өздері кінәлі бол тұрып, өзгелерді күтпеген жағдайларға душар етуі мүмкін. Оған қоса, жол жолақтарына ауысар кезде де жан-жақтағы жағдайды көріп алған абзал.

Айналадағы жағдайды үнемі бақылауда ұстаңыз. Яғни, тек алдыңғы жақты емес, арттағы және екі жаныңыздағы көліктердің қозғалысын есептеп, арақашықтықты сақтаңыз.


Сіздің жолдағы қозғалысыңыз өзге жүргізушілерге түсінікті болуы керек. Ол үшін белгі беретін жарықтарды қолданып, асықпай және ешкімге кедергі келтірмейтініңізге көз жеткізіп алыңыз. Мәселен, көлікті бірден бұрып қалсаңыз, ол басқаларға ыңғайсыздық тудырады.


Жылдамдықты белгіленген межеден асырмай, бірқалыпты ұстау қажет. Бұл да апатқа ұшырамаудың бір кепілі. Оның үстіне бірқалыпты жүріс жанармайдың да дұрыс жұмсалуына әсер етеді.


Рөлде отырғанда басқа нәрселерге алаңдауға болмайды. Олар телефон, жол жиегіндегі тартымды жарнамалар мен дүкендер және т.б. болуы мүмкін. Себебі, бұл да жол апатының орын алуына бір себеп.


Жүретін жолды дұрыс таңдаңыз. Мысалы, Сіз бір жерге бару үшін көлік немесе бұрылысы аз жолды таңдай аласыз.


Рөлге алкогольді сусын ішіп отыруға болмайды. Олай жасап, өзіңізге ғана емес өзгелердің де өміріне қауіп төндіресіз. Тіпті, оның арты қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін.

Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қыста көлік жууға БОЛМАЙДЫ


Көліктің ДӨҢГЕЛЕГІ "ТЕҢ" болмаса, ҚАУІПТІ