ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ӨТЕ ЖИІ мазалайтын СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

0
2 877

Алдыңғы, артқы немесе толық жетек. Қайсысы дұрыс?


ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ӨТЕ ЖИІ мазалайтын СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әрбір жүргізушінің көкейінде автомобильге қатысты сұрақтар болады. Дегенмен, ол сұрақтарына жауап ала алмайтын кездер жиі орын алады. Сондықтан, жүргізушілер арасындағы өте жиі туындайтын сұрақтар мен олардың жауабын оқырман назарына ұсынып отырмыз.


Автомобильге жоғары октанды бензин құюға бола ма?

Негізі, автокөлікке арналған нұсқаулықта қандай да бір маркалы жанармай ұсынылса, сол нұсқаулыққа құлақ асқан дұрыс. Дегенмен, нұсқаулықта ұсынылмаған безинді анда-санда құғаннан айтарлықтай зиян тимейді.

Бірақ, әрдайым жоғары октанды жанармай қолдануға болмайды. Өйткені, әр көліктің қозғалтқышындағы қуат блогы белгілі бір бензинге лайық жасалады. Яғни, жоғары октанды бензиннің шығыны көп болады деген сөз.

Автомобиль технологиясының тұрақты дамуының арқасында бүгінгі таңда барлық заманауи құрылғылар электроникамен басқарылады. Оның ішінде жаңа көліктердің қозғалтқышы да бар. Сондықтан, жаңа көлікке төмен октанды жанармай құйсаңыз, алаңдамаңыз. Электронды бүрку жүйесі қуат блогының негізгі жүйелерін қозғалтқышқа зиян келтірмейтін етіп реттеп отырады.



Дизельді қозғалтқыштар қалай жұмыс істейді?

Барлық автокөлік жүргізушілері дизельмен жүретін көліктердің бензин тұтынатынға қарағанда өзгеше екенін біледі. Бірақ олардың бір-бірінен қалай ерекшеленетінін көбісі толық білмейді. Іс жүзінде қозғалтқыштың осы екі түрі де бірдей жұмыс істейді. Атап айтқанда екеуінің де жанармайы жану камерасында тұтанып, энергияны доғалақтарға тікелей жібереді. Олардың басты айырмашылығы – жанармайды тұтату әдісі. Мысалы, бензинді қозғалтқыштарда жанармай штепсельдер арқылы тұтанады. Ал, дизельді тұтату үшін ауа мен дизель қоспасының жоғары қысымы қолданылады.



Жылдам үдеу үшін не маңызды?

Бұл сұрақ та жүргізушілер арасында жиі талқыланады. Өйткені, көп адам қозғалу сәті мен қозғалтқыштың ат күші деген не екенін түсінбейді. Шын мәнінде, автомобильдің жалпы динамикалық сипаттамасы қозғалу сәті мен қозғалтқышындағы ат күшіне байланысты. Екі параметр де неғұрлым көп болса, үдеу деңгейі де соғұрлым арта түседі.



Алдыңғы, артқы немесе толық жетек. Қайсысы дұрыс?

Өкінішке қарай, бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Өйткені, кез келген нәрсенің екі ұшы бар. Мысалы, алдыңғы жетек көліктің кез келген ауа райында жақсы тартуына мүмкіндік береді. Бірақ, алдыңғы жетекті көлікті басқару артқы жетекті көлікке қарағанда қиындау болады. Өйткені, көліктің басқарылуы да, жетегі де алдыңғы доңғалақтарға түседі.

Артқы жетек алдыңғы доңғалақтарға тек бағытты басқаруға мүмкіндік беретін механизм. Бірақ, оның да кемшіліктері бар. Мысалы, мұндай көліктердің дымқыл немесе мұз басқан жолдарда жүруі қиын. Сосын, алдыңғы жетекті көліктерге қарағанда бағасы қымбат.

Ал, толық жетекті көліктердің басқарылуы да, жүрісі де қолайлы. Бірақ мұндай көлікті өндіру күрделі әрі бағасы қымбат болады. Сондай-ақ, бұл жетек жүйесі көлікке артық салмақ қосып, отын шығынына әсер етеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көліктің "фары" НЕГЕ ТЕРЛЕЙДІ? Бұл ӨТЕ ҚАУІПТІ!


Жапонияда ҰШАТЫН мотоцикл САТЫЛА БАСТАДЫ