​Балықтан КӘУАП дайындай білесіз бе?

0
1 468

Балықты қамырға салып пісіреміз.


​Балықтан КӘУАП дайындай білесіз бе?

Бұл тағамды дайындау да қиын емес. Отбасы мүшелері кәуаптан ауыз тигеннен кейін дәмділігін сөзбен айтып жеткізе алмайды. Қатпарлы қамыр мен балық жақсы үйлесім табады. Жасап көріңіз!


Қажетті қоспалар:

  • 400 гр. қатпарлы дайын қамыр
  • 450 гр. қызыл балық
  • «Моцарелла» ірімшігі
  • 1 дана жұмыртқа
  • Күнжіт
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

Дереккөз: vkusnaya-zhizn

  1. Алдымен қызыл балықты тұздап, содан соң бірнеше бөлікке бөлеміз. Суреттегідей қалыппен кесіп шығуға болады.
  2. Қамыржы жайып, төртбұрышты қалыпқа келтіреміз. Сөйтіп қамырдытөрт бірдей бөлікке бөліп аламыз.
  3. Балықтың әрқайсысын шпажкадан өткізіп алу керек.
  4. Осы балықты енді шпажкамен бірге қамырдың ортасына қоямыз. Балықтың қасына моцарелла ірімшігін кесіп салып жібереміз.
  5. Қамырдың екі жағын ұстап біріктіріп, арғы бетін аударамыз.
  6. Осылайша дайын болған қамырға оралған 4 балықты табаға жайғастырамыз. Бетіне жұмыртқаны жағып, күнжіт себелейміз.
  7. Пешті 180 градусқа қыздырып, 25 минут пісіреміз. Осы уақыт аралығында өте дәмді кәуабымыз да дайын болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Хит тағам: картоптан жасалған «ұяшықтар»


5 минутта дайындалатын ТОРТҚА арналған КРЕМДЕР