ДӘМДІ МӘЗІР: Картоп пен тауық еті салынған тойымды пирог

0
168

Тойымды пирогтың жасалу әдісі де оңай!


ДӘМДІ МӘЗІР: Картоп пен тауық еті салынған тойымды пирог

Қажетті қоспалар:

  • 3 дана жұмыртқа
  • 350 мл айран
  • 250 гр. ұн (2 стақан)
  • 1,5 шай қасық қамыр қопсытқыш
  • 1-2 шай қасық күнжіт
  • Салмасына:
  • 400 гр. тауық еті
  • 650 гр. картоп
  • 150 гр. пияз
  • 15 мл өсімдік майы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 1 шай қасық кептірілген сарымсақ


Дайындалу тәсілі:

  1. Картоптың қабығын аршып, тазалап жуып, текшелеп турайсыз. Тауық етін де текшелеп турау керек.
  2. Пияздың қабығын аршып, текшелеп турап, картоп пен етке қосасыз.
  3. Барлығын араластырып, тұз, бұрыш қосып, сарымсақты салып, араластырып жіберсеңіз, салма дайын болады.
  4. Табаққа жұмыртқа, айран және 0,5 шай қасық тұз салып, араластырасыз. Ұн мен қамыр қопсытқышты салып, венчикпен араластыру керек. Қою қамыр пайда болғанда формаға жартысын құясыз. Оның бетіне біркелкі етіп салманы жайып салып, сосын қалған қамырды құйыңыз. Пирогтың бетіне күнжітті себелеп, 180 градусқа қыздырылған пеште 50-60 минуттай пісірсеңіз жеткілікті. Пирог та дайын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Гуляш пісіре білесіз бе?