ДӘМДІ МӘЗІР: Бұқтырылған балық пен көкөніс

0
1 051


ДӘМДІ МӘЗІР: Бұқтырылған балық пен көкөніс


Қажетті қоспалар:

  • 700 гр. балық
  • 1 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • 2 ас қасық томат тұздығы
  • 4 ас қасық өсімдік майы
  • 100 гр. ұн
  • 2 дана лавр жапырағы
  • Паприка дәмдеуіші
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Балықты бірнеше бөлікке бөліп, тұз, бұрыш салып, араластырыңыз.
  2. Пияз бен сәбіздің қабығын аршыңыз. Пиязды жұқалап турап, сәбізді үккіштен өткізіп алыңыз.
  3. Табаға май құйып, отқа қойыңыз. Содан соң тәрелкеге ұн салып, балықты аунатып алыңыз да, қызып тұрған майға салыңыз. Балықты сарғайғанша қуырып, екінші бетін аударып, жақсылап қуырыңыз.
  4. Балық қуырылып жатқан уақытта екінші табаны отқа қойып, май құйыңыз. Пиязды салып қуырып, сәбізді қосыңыз. Көкөністерді 5 минуттай қуырған дұрыс.
  5. Қуырылған көкөністерді балық қуырылып жатқан табаға саласыз.
  6. Томатты бір стақан сумен араластырып, табаға құйыңыз. Лавр жапырағын салып, паприка қосуды ұмытпау керек.
  7. Тұздық қайнаған кезде, отты басып, балықты жай отта 20 минуттай бұқтырасыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Гуляш пісіре білесіз бе?