Таңғы асқа жылдам даярланатын пирогтың бiрi – кәдiмгi құймақтан әзiрленедi. әрине, құймақты бiр-екi күн бұрын, алдын ала пiсiрiп қоюыңызға болады.
Таңғы асқа жылдам даярланатын пирогтың бiрi – кәдiмгi құймақтан әзiрленедi. әрине, құймақты бiр-екi күн бұрын, алдын ала пiсiрiп қоюыңызға болады.
Қажетті заттар:
*** 10 дана құймақ
*** 500 грамм сүзбе
*** 2 ас қасық қаймақ
*** 5 ас қасық қант
*** 3 дана жұмыртқа
*** 1 пакет ваниль қанты
*** 3 ас қасық майонез
Дайындау тәсілі:
1.Құймақ iшiне салынатын салманы әзiрлеп алыңыз. Сүзбеге 1 дана жұмыртқа, 2 ас қасық қант, ваниль қантын қосып араластырыңыз.
2.Әр құймаққа салманы салып, рулет секiлдi ораңыз.
3.Қалыпқа май жағып, спираль секiлдi құймақтарды бiрiнен соң бiрiн орналастырып шығыңыз.
4.Құймақтың үстiнен құятын құйма үшiн, 2 дана жұмыртқаға 3 ас қасық қант және 2 ас қасық қаймақ қосып араластырыңыз.
5.Қалыптағы орала салынған құймақ бетiне құйманы құйыңыз.
6.190 С қыздырылған пешке 30 минутқа қойыңыз.
7.Пiскен құймақ пирогын үшбұрыштап турап, тарелкелерге салып, таңғы аста шаймен емесе кофемен ұсынсаңыз, өте дәмдi.