Ливандық әдіспен дайындалған «Батата-харра» тағамы

0
686

Шетел асханасына саяхат!


Ливандық әдіспен дайындалған «Батата-харра» тағамы

«Батата-харра» - картоптан дайындалатын өте дәмді тағамдардың бірі. Бұл тағамды түрлі әдіспен әзірлеуге болады екен. Картопты қуырып немесе қайнатып пісірсеңіз де тағамның дәмі бұзылмайды. Ендеше шетел асханасынан дәл осы тағамды жасап көрейік!

Қажетті қоспалар:

  • 1 кг картоп
  • 7-8 тіс сарымсақ
  • 3-4 ас қасық зәйтүн майы
  • 0,25 шай қасық қызыл бұрыш
  • 1 шай қасық паприка
  • 1 шай қасық кориандр
  • 35 гр. ақжелкен
  • 1 ас қасық лайм шырыны
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Картоптың қабығын аршып, ірі көлемде тураймыз. Картоптың қауыруға ыңғайлы сұрпын таңдаған дұрыс.
  2. Сосын туралған картопты шұңғыл ыдысқа салып, 1-2 ас қасық зәйтүн майын, тұз, бұрыш салып, барлығын жақсылап араластырамыз.
  3. Содан соң картопты пергамент қағазына жайып салып шығамыз. Сосын кепкен картоптарды табаға салып, 200 гардусқа қыздырылған пеште 40 минуттай пісіреміз.
  4. 20-25 минуттан кейін картопты бір араластырып жіберіп, қайтадан пешке саламыз да, ары қарай пісіреміз.
  5. Енді картопқа арналған тұздықты дайындайық. Ол үшін табаны отқа қойып қыздырып, 1-2 ас қасық зәйтүн майын құйыңыз. Сосын майдалап туралған сарымсақты салып, 30 секунд тай қуырасыз. Артынша паприка мен кориандр дәмдеуіштерін, майдалап туралған ақжелкенді салып, барлығын 1 минуттай қуыру керек.
  6. Осы тұздыққа лайм шырынын құйып, жай отта 30 секундтай қуырсаңыз жеткілікті. Тұздықтың үстіне картопты салып, тағы да дәміне қарай бұрыш пен тұзды себелеп, 1-2 минут қуырамыз.
  7. Дайын картоп тағамын тәрелкеге салып, бетіне майдалап туралған аскөкті себелеп, дастарханға ұсына беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Пергамент қағазында дайындалған ерекше тағам


Бананнан дайындалған тәп-тәтті чизкейк