Тәттіні құмартып жейтін жандарға жасап көруге кеңес береміз!
Қажетті қоспалар:
- 300 гр. банан
- 100 мл су
- 10 гр. желатин
- 150 мл йогурт
- 100 гр. сары май
- 200 гр. күтірлек күлше
- 50 гр. қант
- 400 гр. майлы сүзбе
Дайындалу тәсілі:
- Банан қосылған чизкейкті дайындау үшін ең алдымен күлшелерді оқтаумен ұнтақтап аламыз. Күлшені мата майлықтың арасына салып, оқтаумен еземіз. Сонда күлшеміз ұнтақталып шыға келеді.
- Осылайша ұнтақталған күлшеге ерітілген сары майды құйып, жақсылап араластырып аламыз. Енді осы араласпаны формаға салып, үстінен басып тегістеу қажет. Содан соң форманы тоңазытқышқа саламыз.
- Чизкейктің салмасын дайындайық. Желатинге су құйып, ісінгенін күтеміз.
- Блендерге банан, йогурт, қант пен сүзбені салып араластырамыз. Ал желатинді су буында отқа қойып ерітіп алып, езбеге қосамыз.
- Чизкейктің салмасын бетіне құйып, форманы тағы да тоңазытқышқа саламыз. 3 сағатта тәттіміз де дайын болады. Осы уақыт өткеннен кейін чизкейкті бананмен, басқа да жидектермен әсемдейміз.
Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: