ПАЙДАЛЫ әрі ОҢАЙ: ҚАЙНАТПАЙ жасалатын ТОСАПТЫҢ екі түрі

0
5 110

​Қайнатылған тосап пен қайнатылмаған түрін бір-бірімен салыстыруға келмейді. Ал, тосапты қайнатпай-ақ қалай дайындауға болатынын білгіңіз келсе, төмендегі мәзірге назар аударыңыз!


ПАЙДАЛЫ әрі ОҢАЙ: ҚАЙНАТПАЙ жасалатын ТОСАПТЫҢ екі түрі


Құлпынай тосабы


Қажетті өнімдер:

  • 700 гр. құлпынай
  • 350 гр. апельсин
  • 0,5 шай қасық лимон қышқылы немесе
  • 2 ас қасық лимон шырыны
  • 1 ткг қант.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен құлпынайды салқын сумен тазалап жуып, суын сорғытып аламыз.
  2. Сосын құлпынайларды үстелдің үстіне жайып, іріктейміз. Ішіндегі шірігі барын, көңіліңізге ұнамағанын алып тастаңыз. Себебі, арасында бұзылғаны кетіп қалса, мұндай тосапты ұзақ сақтай алмай қаласыз.
  3. Енді апельсинді дайындап алайық. Қабығын аршып, ірі-ірі ақ бөліктерін алып тастау керек. Сөйтіп апельсинді бірнеше бөлікке бөліңіз. Еттартқышқа салып немесе блендермен майдалаймыз.
  4. Әбден езілген апельсиннің үстіне құлпынайды салып, блендермен тағы айналдырамыз. Дайын болған езбені табаққа құйып алып, лимон қышқылы мен қантты салып, қант ерігенше жақсылап араластырамыз. 2-3 сағаттан соң дайын тосапты банкілерге құйып ала беруге болады.
  5. Осылайша дайындалған тосапты тоңазытқышта 2 айға дейін сақтауға болады. Егер одан да көп уақыт сақтағыңыз келсе, 1 келі құлпынайға 2 келі қант салып араластырасыз.


Беге (айва) тосабы


Қажетті өнімдер:

  • 1 келі беге
  • 1 келі қант

Дайындалуы:

  1. Алдымен бегені тазалап жуып аламыз. Содан соң ірі үккіштен өткіземіз.
  2. Бегені үккіштен өткізгенде дәніне тиіп кетуден сақ болу керек. Егер дәндерді табаққа түсіріп алған болсаңыз, қасықпен алып тастаңыз.
  3. Үккіштен өткізілген бегені эмальді кастрөлге салып, қантпен араластырамыз. 1 келі үккіштен өткізілген бегеге 1 келі қант қосқан дұрыс.
  4. Жақсылап араласқан соң бегені 6-8 сағат бойы бетін жауып қоя тұрыңыз.
  5. Осы уақыт өткеннен кейін тосапты бір араластырып жіберіп, зарарсыздандырылған банкілерге құямыз. Қақпағын бұрап, дайын тосапты тоңазытқышта сақтаймыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


30 минутта дайын болатын ЖЫЛДАМ-ПАЛАУ


Қарбыз жегенде ағза қандай өзгеріске ұшырайды?