​Паштет дайындай білесіз бе?

0
4 355

Үйбикелері қашанда дәмді асты дайындауға құмартып тұрады. Иә, өз дастарханын әсемдеп, тіл үйірер аспен толтырған әйелді қай еркек болсын бағалайтыны даусыз. Сол себепті де бүгін біз ерекше ас мәзірін таңдап алып отырмыз. Бұрын-соңды паштет дайындап көрмеген болсаңыз, үйреніңіз.


​Паштет дайындай білесіз бе?

фото: ockey.ru

Үйбикелері қашанда дәмді асты дайындауға құмартып тұрады. Иә, өз дастарханын әсемдеп, тіл үйірер аспен толтырған әйелді қай еркек болсын бағалайтыны даусыз. Сол себепті де бүгін біз ерекше ас мәзірін таңдап алып отырмыз. Бұрын-соңды паштет дайындап көрмеген болсаңыз, үйреніңіз.

Тауық бауырынан жасалған дәмді паштет

Қажетті өнімдер:

  • 500-600 гр. тауық бауыры
  • 2 дана орташа пияз
  • 2 дана орташа сәбіз
  • Қуыру үшін өсімдік майы
  • 2 дана қайнатылған жұмыртқа
  • 100 гр. сары май
  • Тұз, бұрыш.

Дайындау тәсілі:

  • Бауырды сыртындағы жылтыр пленкасынан тазартып, турайды. Пиязды да аршып, текшелеп турау керек.


фото: ytimg.com

  • Өсімдік майын табаға құйып, пиязды 10 минуттай қуырасыз. Туралған сәбізді қосып, 5-7 минут қуырылады. Ал, бауырды бөлек ыдысқа салып, тұзды суда 10 минуттай қайнатыңыз.
  • Қуырылған сәбіз бен пиязды, бауырды және туралған жұмыртқа мен сары майды блендерге салып, араластырыңыз. Тұз, бұрыш қосып, бірқалыпты болғанша айналдыру керек. Дайын паштетті шыны тарелкеге салып, тоңазытқышқа салады.

Тауық етінен паштет

Қажетті өнімдер:

  • 4 дана қайнатылған тауық еті
  • 2 дана сәбіз
  • 1 дана пияз
  • Бір уыс қара өрік
  • 2-3 тіс сарымсақ, сарымсақ сабағы, аскөк.
  • 100 гр. қаймақ
  • 2 ас қасық майонез

Дайындау тәсілі: 1. Пиязды майдалап турап, сәбізді үккіштен өткізесіз. Туралған пияз бен сәбізді қуырып, қуыру кезінде майдаланған сарымсақты қосады.

фото: i12.fotocdn.net

2. Қара өрікті суға жібітіп қойыңыз. Сосын майдалап турайсыз.

3. Қайнатылған тауық етін еттартқыштан өткізіп, кефіннен барлығын блендерге салып араластырасыз. Барлық қоспаны жақсылап блендермен араластырып, аскөктерді қосыңыз.

4. Паштет өте жұмсақ әрі дәмді болу үшін қаймақ пен майонезді араластырып, паштетке қосу керек. Дайын болған паштетті бөлке нанға немесе алма тіліміне жағып жеуге болады. Сонда паштеттің дәмі кіре түседі.

Тауық бауыры мен алма паштеті

Қажетті өнімдер:

  • 220 гр. сары май
  • 2 дана пияз
  • 1 дана алма
  • 500 гр. тауық бауыры
  • 3 ас қасық коньяк
  • 2 ас қасық кілегей
  • 1 шай қасық лимон шырыны
  • 1,5 шай қасық тұз
  • Ұнтақталған қара бұрыш.

фото: vkusnyeretsepti.ru

Дайындау тәсілі:

Алма мен пиязды тазалап, текшелеп турайсыз. Сосын арнайы комбайнмен майдалау керек. Табаға 30 гр. сары майды салып ерітіп, пияз бен алманы салып жұмсарғанша бұқтырасыз. Сосын блендерге салыңыз.

2. Тауық бауырын жуып, кептіресіз де комбайнмен майдалайды. Пияз қуырылған табаға 50 гр. сары май салып ерітіп, бауырды салыңыз. Сосын дайын болғанша қуырасыз. Отты жай қойып, коньякты құйып жіберіңіз. Алау басылғанша күтіңіз.

3. Блендерге қажетті өнімдердің барлығын салып, араластырасыз. Кілегейді қосуды да ұмытпаған дұрыс. Соңында бөлме температурасында тұрған сары май мен лимон шырынын, тұз бен бұрышты қосып, жақсылап араластырасыз. Дайын паштетті тарелкеге немесе арнайы сервиске салып, бетін тағамдық пленкамен жабыңыз да тоңазытқышқа салып қойыңыз. Осылайша паштет бірнеше сағат тоңазытқышта тұруы керек.

Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ