​«ЦЕЗАРЬ» салатының тағы да ЕРЕКШЕ ҮШ ТҮРІ бар

0
9 847


​«ЦЕЗАРЬ» салатының тағы да ЕРЕКШЕ ҮШ ТҮРІ бар

Халық арасында ең танымал әрі кең тараған салаттардың бірі «ЦЕЗАРЬ» екені белгілі. Бұл салатты әсіресе әйелдер қауымы сүйсініп жейді. Сонымен қатар, дайындағанды да жақсы көреді. Өте танымал салаттың көпшілік білетін түрінен басқа ананас, шұжық қосып әзірлеуге болатын түрлері де бар екен. Ендеше сіз де ЕРЕКШЕ әрі дәмді «ЦЕЗАРЬ» жасауды біліп алыңыз.


Ананас қосылған «Цезарь»



Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. салат жапырақтары
  • 1 дана тауықтың төс еті
  • 1 банка консервіленген ананас
  • Жарты бөлік батон нан
  • 100 гр. черри қызанағы
  • 1 шай қасық қыша дәмдеуіші
  • 0,5 бөлік лимон
  • 2/3 стақан зәйтүн майы
  • 1 тіс сарымсақ
  • 2 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 2 дана қайнатылған жұмыртқа
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық етіне тұз, бұрыш жағып, жарты сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Осы уақыт өткеннен кейін етті ұрғылап, бір-екі қасық май құйылған табаға салып қуырамыз. Батонның сыртқы қабығын алып тастап, жұмсақ жерін текшелеп тураймыз да противеньге саламыз. Тұз бен май себелеп, қызарғанша пеште ұстаймыз.
  2. Лимонның шырынын сығып, сарымсақты үккіштен өткізіп, тұз, бұрыш қосу керек.Осы араласпаға жұмыртқаның сары уызы мен қышаны қосып, көпіршіте араластырамыз.Араластыруды жалғастыра отырып, зәйтүн майын-аз-аздан қоамыз. Сонда нәтижесінде дәмді тұздық дайын болады.
  3. Салат жапырақтарын жуып, кептіріп, қолмен бөліп шығамыз. Салат жапырақтарына тұздықты құйып, араластыру керек.
  4. Ірімшікті үккіштен өткіземіз. Бөлек табаққа консервіленген ананас пен ірілеп туралған тауық етін, кептірілген нанды араластырып алыңыз. Осы араласпаны енді салат жапырақтары салынған табаққа салып, тағы бір араластыру керек. Бетіне тұздықты құйып, үгітілген ірімшікті себелеп, дастарханға ұсына беруге болады.


Шұжық қосылған «ЦЕЗАРЬ»



Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. жартылай қақталған шұжық
  • 100 гр. салат жапырақтары
  • Жарты бөлік нан
  • 50 гр. пармезан ірімшігі
  • 0,5 стақан зәйтүн майы
  • 2 дана жұмыртқа
  • 0,5 бөлік лимон
  • 1 шай қасық тәтті қыша
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш

Дайындалу тәсілі:

  1. Өзіңіздің сүйікті шұжығыңызды тілімдеп әрі жұқалап турап, екі жағын қызарта табаға салып қуырыңыз. Май қосудың қажеті жоқ. Батон нанды текшелеп турап, противень табаға салып, май себелеп пешке салыңыз.
  2. Ірімшікті үккіштен өткізесіз. Лимонның шырынын сығып алу керек. Ал, жұмыртқаны қайнатып алу керек. Содан соң сары уызын бөліп алып, суытасыз.
  3. Сарымсақты үккішпен үгіп, тұз, бұрыш қосыңыз. Жұмыртқаның сары уызы мен қышаны қосып, жақсылап араластырамыз. Осы араласпаға лимон шырынын қосып, тағы да араластыру керек.
  4. Енді аз-аздан зәйтүн майын қосамыз.
  5. Салат жапырақтарын жуып, қолмен бөліп дайындаймыз. Салат жапырақтарына тұздықты құйып, араластырамыз. Салат салатын тәрелкеге салып, шұжықты, қалған тұздықты құйып, бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеу қажет. Сонда шұжық қосылған салатымыз да дайын болады.


Лавашқа оралған «ЦЕЗАРЬ» салаты



Қажетті өнімдер:

  • 1/3 стақан майонез
  • ½ шай қасық қыша
  • 1 тіс сарымсақ
  • 2 стақан піскен әрі туралған тауық еті
  • 30 гр. ірімшік
  • Салат жапырағы
  • 1-2 лаваш

Дайындалу тәсілі:

Табаққа майонез, қыша және үгітілген сарымсақты салып, араластырамыз.

Содан соң тауық етімен араластырып, ірімшікті үккіштен өткізу керек. Содан соң барлығын бір табаққа салып салат жапырағымен қосып араластырасыз. Салат жапырақтарынан ірілеп турамай, майдалауға да болады. Осылайша араласқан салатты жайылған лавашқа салып ораймыз. Дайын ораманы сол қалпында кесіп, тәрелкеге саламыз. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


МАЙОНЕЗ қосылмаған салаттар ЖАҢА ЖЫЛДА дастарханыңызды жайнатады


Сүзбеге не қосып жеуге болатынын білесіз бе?