​Ағзаны улы заттардан тазартудың сіз білмейтін тәсілдері

0
8 162

Жасыңыз қаншаға келді? Осы уақытқа дейін не ішіп, не жемедіңіз? Енді ағзаны шлактардан, улы заттардан тазартатын кез келді. Деннің саулығын қаласаңыз, халықтық тәсілдерді пайдалануға тура келеді.


​Ағзаны улы заттардан тазартудың сіз білмейтін тәсілдері

фото: otravlenie103.ru

Алма мен даршын

фото: rupoint.cz

Алманы жұқалап турап, 500 мл таза су құйыңыз. Осы араласпаға 1 шай қасық ұнтақталған даршынды салыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, салқындатып іше беруге болады. Алма мен даршынның қосындысы зат алмасуды реттеп, асқорыту жүйесін тазалайды.

Лимон шырыны мен бал


фото: zojmania.com

2 ас қасық лимон шырынын 200 мл жылы сумен араластырыңыз да, 1 шай қасық табиғи бал қосыңыз. Сонымен қатар, шым-шым зімбір салуға болады. Мұндай сусынды ашқарынға, яғни, таңертеңгі астан жарты сағат бұрын қабылдайды. Сонда асқорыту жүйесінің жұмысы жақсарып, қан тамырлары тазарады. Ең кереметі күні бойы энергияңыз тасып жүреді.

Зімбір сусыны

Фото: medicynanaroda.ru

Зімбірдің 3-4 сантиметр шығатын тамырын майдалап турап, 1 литр ыстық суға саласыз. Сосын отқа қойып қайнату керек. 10 минут қайнаған соң, қайнатпаны сүзіп алыңыз. Дайын сусынға даршын мен бірнеше шай қасық итмұрын шырынын құюға болады. Зімбірден жасалған қайнатпаны тамақтан жарты сағат бұрын, 100-150 мл-ден қабылдайды. Бұл сусын асқорытуды жақсартып, заталмасуды реттейді.

Қызылша шырыны

фото: online-detox.com

1 дана қызылша, 2 дана алма мен 4 тал балдыркөкті шырынсыққышқа салыңыз. Дайын болған шырынды 1 ас қасықтан таңертең және кешке ішу керек. Ағзаны тазартатын сусынды тамақтанудан жарты сағат алдын қабылдайсыз.

Жемістер коктейлі

фото: fb.ru

Коктейльді дайындауға 1 дана апельсин, 1 дана лимон және сәбіз қажет. Осы жемістердің шырынын алып, оған 100 мл минералды су қосасыз. Дайын коктейльді ашқарынға тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдайсыз. Антиоксидантқа бай коктейль шаршағанды басып, көңіл-күйіңізді көтереді.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ