​Ақ шашты қарайтатын 2 жаттығу

0
3 565

Жаттығуды он рет қайталаған соң нәтиже байқала бастайды.


​Ақ шашты қарайтатын 2 жаттығу

фото: evalectric.com

Көп шаштың арасындағы ағарған шашты ай сайын бояп, әуре боп жүрсіз бе? Шаштың бетін бояй бермей, оның тамырына үңілуді ойламадыңыз ба?

Ежелгі шығыс философтары «Не жесең, солсың» деп көп мәселенің шешімін айтып кеткен. Тіпті шығыс оқымыстылары шаштың ерте ағаруының да себебін оның нәрінен іздеген көрінеді.

Мысалы: Цинь династиясында өмір сүрген Чжан Цзыхэ «Шаштың ағару себебі – трихомадеза» десе, Мин патшалығы кезеңінде өмір сүрген Ли Чань өзінің «Медициналық әліппе» деген трактатында «Қан көп болса шаш нәрлі, қан аз кезде шаш сынады, ал егер қан бір орында тұрып қалса шаш ағарады» деп жазған екен. Бұл жерде Ли Чань бас терісіндегі қанайналым, қанның шаш түбіріне келу мөлшерін меңзесе керек.

Ал Чжоу Люцзина деген қытайлық оқымысты ертедегі оқымыстылардың тұжырымдарын қорытындылай келе, «Шаш – қанның бір бөлшегі. Шаштың ағаруы қанның айналу ырғағымен және ондағы өмірлік ци қуатымен тікелей байланысты» деген тоқтамға келген.

Ол көп қимылдамайтын бастың қанайналымын арттыруды, ондағы ци энергиясын молайтудың жолдарын іздестіреді. Нәтижесінде екі жаттығу құрастырған.


Бұл жаттығулар біздің заманымыздан қаншама жыл бұрын жазылған. Терапевтік әсері расында да таңқалдырарлық болғандықтан бізге сақталып жеткен.



1-жаттығу

  • Медитациялық жаттығу түнгі сағат 1-де немесе 12-де орындалады.
  • Аяқтарыңызды суреттегідей жинап немесе өзіңізге ыңғайлық қалыпта отырыңыз. Екі қол саусақтарын айқастырып, ал кеуде мен басты тік ұстаңыз.
  • Көзіңізді жұмып, 8-10 рет терең-терең тыныс алыңыз. Ойша басыңыздың төбесінен қараңыз, яғни ең жоғарғы нүктесіне ойыңызды шоғырландырыңыз.
  • Сосын жамбаста орналасқан инь және ян энергиясы омыртқа бойымен жоғары қарай көтеріліп, бастың жоғары нүктесіне жеткенін елестетіңіз.
  • Энергия ағынымен бірге ойша ілесіп отырыңыз. Энергия бастан мұрынға дейін түсіп, сосын жұтқыншаққа, екі төс ортасына, одан қарынға барып, кіндіктен 10 см төмен нүктеге тоқтасын. Бұл нүктені ертедегі қытайлықтар дань-тянь нүктесі деп атаған. Жалпыға түсінікті тілмен айтсақ, дань-тянь нүктесі – эликсир жазығы, ци теңізі немесе энергетикалық орталық. Жамбастан көтерілген қуатты осы нүктеге дейін ойша алып келген соң жаттығу аяқталады.

Жаттығуды алғашқы күні шамаңызға қарай екі-үш рет жасауға болады. Ал бір отырғанда арасын үзбей он рет қайталасаңыз, қан құрамы ци қуатымен толығады екен. Осының арқасында ағарған шаштар біртіндеп бастапқы табиғи қалпына келе бастайды.

Қандағы ци қуаты кеміп кетпеуі үшін жаттығуды аптасына бір рет орындап отыру қажет.



2-жаттығу

  • Жаттығу күнде таңғы уақытта орындалады. Таңертең ұйқыдан тұрған соң оң қолыңызды жоғары көтеріңіз. Онымен сол құлақты ұстаңыз. Ал сол қолмен оң құлақты ұстаңыз. Екі қолмен бірдей құлақты жоғары тартыңыз. 15-20 рет қайталаңыз.

  • Еденге аяқты созып отырыңыз. Басыңызды, кеудеңізді алға иіңіз. Қолдарыңызбен аяқ саусақтарын ұстаңыз. Шамаңыз келгенше тізені бүкпеуге және мұрынды тізеге тигізуге тырысыңыз. Бастапқыда жай иілу де жеткілікті.

  • Содан кейін орындыққа отырыңыз. Аяқтардың арасы шамамен 30 см. Қолмен тобыққа жақын тұстан ұстап, еңкейіңіз. Жамбас орындықтан көтерілмеуі тиіс. Басты еденге жақындатып салбыратып ұстау керек. Осы қалыпта бірер минут тұруға тырысыңыз.

Әрине, бірден еңкейіп, омыртқаны ауыртып алудан сақтаныңыз. Жаттығуды асықпай орындаған дұрыс.


Есте ұстаңыз: Бұл дұрыс тамақтанбау салдарынан ағзада минералды заттардың (кальций, мыс, цинк, хром, темір, йод, В тобындағы дәрумендер, фолий қышқылы) жетіспеушілігінен, жағымсыз экологиядан пайда болған және гормондардың дисбалансынан мезгілінен бұрын түскен ақ шашты ғана қарайтуға көмектеседі. Ал жастар орындаса, шаштың ерте ағаруының алдын алады.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


«Пышақсыз пластикалық операция» жаттығуы


Панкреатитті МЫНА 4 жаттығумен емдеуге болады