Бір айда жасарасыз.
фото: ашық дереккөздерден алынды
«Көңіл қартаймайды» дейміз. Көңіл ғана емес, адамның тәні де қартаймаса ғой шіркін?! Негізі ешкім қартайғысы келмейді. Сондықтан бетіне түрлі крем жағып, маска жасап жатады. Алайда тері қартаймас үшін оның астындағы бұлшықеттерді шынықтыру керектігін көбісі ескере бермейді.
Бұлшықетті шынықтыру арқылы теріасты қанайналымын жақсартуға, теріні тартуға, әжімдерді тегістеуге болады. Бұған дәлел – Коруги (Korugi) жаттығуы.
Жапондық бұл жаттығу көп арасында «өз қолыңмен жасалатын пластикалық операция» деп те аталады. Расында да нәтижесі көп күттірмейді. Жаттығуды аптасына 2-3 рет қайталау керек.
Алғашқы айда-ақ бет пішініндегі өзгеріс байқалады. Ал үш айда супер нәтижеге жетесіз. Сенбесеңіз орындап көріңіз.
Кім ойлап тапқан?
Алдымен әлемге белгілі массаждың тарихына аз-кем тоқталайық. Алдымен бұл массажды Оңтүстік Корея мамандары ойлап тапқан. Алайда жапондық терапевт Чио Хаяси тек бұлшықетке емес, бет сүйегіне әсер ете отырып жасалса нәтиже жылдам болатынын анықтаған. Ол қосымша элементтер қосқан. Сондай-ақ Чио Хаяси оны әркім өзіне жасауға болатындай етіп дайындаған. Яғни, үйде отырып, ешқандай маманға бармай-ақ өзіңіз жасай аласыз.
Пайдасы
- Теріге табиғи өң береді;
- Теріні эластикалық етеді;
- Көз айналасындағы терідегі шаршау белгілерін жояды;
- Беттің жас кездегі пішінін қалыпқа келтіреді;
- Әжімдерді тартады;
- Салбыраған бұлшықетті жинайды;
Орындау техникасы
Алдымен бет терісіне және қолға кез келген майды жақсылап жағыңыз. Айна алдына отырыңыз. Дайынсыз ба? Ендеше, бастайық.
1-жаттығу
Бірінші жаттығуда алдыңызда үстел болғаны дұрыс. Екі шынтақты үстелге қойыңыз. Жұдырықты түйіңіз, ал бет бұлшықетін барынша босаңсытыңыз. Жұдырықпен екі жағыңыздан қыса ұстап 5 секунд тұрыңыз. Сосын жұдырықты бетке басып ұстап тұрып, төменнен жоғары қарай (көз тұсына дейін) жылжытыңыз. 8 рет қайталаңыз.
2-жаттығу
Басыңызды сәл шалқайтып ұстаңыз. Жұдырық боп түйілген екі қолды маңдайдың ортасына қойыңыз. Қолды сүйекке дейін тигізе отырып, екі жаққа сырғытып құлаққа дейін әкеліңіз. Бастапқы қалыпқа барып, тағы да орындаңыз. 8 рет қайталаңыз.
3-жаттығу
Екі қол саусақтарын суреттегідей біріктіріп, бас бармақтарды тік ұстаңыз. Бас бармақтың ұшы сол көз астында мұрынға жақын тұруы керек. Теріге батыра басып ұстаңыз да құлаққа қарай жылжытыңыз. Құлаққа жеткен соң төмен қарай сырғытып иыққа дейін апарыңыз. 8 рет қайталап, кейін оң көз астынан бастап тағы да 8 рет орындаңыз.
4-жаттығу
Екі қол жұдырығын түйіңіз. Қас үстіне қойып, жоғары бағытта шашқа дейін жылжытыңыз. Осылай 8 рет орындау керек.
5-жаттығу
Оң қолыңызды жұдырық етіп ұстап, сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты оң қасыңыздың басына апарыңыз. Теріастындағы сүйекті сезініп, саусақтарды оған батыра ұстаңыз. Қас бойымен жылжытыңыз. 8 рет орындаңыз.
Сол қолмен сол қасқа 8 рет қайталаңыз.
6-жаттығу
Оң қол жұдырығын иекке апарып қойыңыз. Сүйекке батыры отырып, оң құлаққа дейін жылжытыңыз. Осы ережемен 8 рет қайталаңыз.
Сол қолды иектен сол құлаққа қарай жылжытып, 8 рет массаждаңыз.
7-жаттығу
Жұдырықты жазыңыз. Екі қолды маңдай ортасына апарып қойыңыз да, саусақтарды жеңіл батыра ұстап, төмен қарай жылжытып мойынға дейін түсіріңіз. Осылай 8 рет қайталаңыз.
Ескерту: Бет терісінде ашық жара, жарақат болмауы керек. Қооды бет сүйегіне тым қатты батыруға болмайды.
Егер жылдам нәтиже болсын десеңіз, күнде орындаңыз.
Ж. Нұрабайқызы,
Тағы да оқыңыз:
Панкреатитті МЫНА 4 жаттығумен емдеуге болады
Қандағы қант мөлшерін қай спорт түрі азайтады?