ТОП-4: Өмірді ұзартатын спорт түрлері

0
509

Жүрек ауруларынан болатын ерте өлім қаупі 26%-ға төмендейді.


ТОП-4: Өмірді ұзартатын спорт түрлері

көрнекілік үшін сурет: sun9-22.userapi.com


Теннис, бадминтон

Ракеткамен ойналатын спорт түрлерінде адамның жүрегі, тыныс алу жүйесі және бұлшықеттер үздіксіз жұмыс істейді. Зерттеулер көрсеткендей, үлкен тенниспен жүйелі түрде айналысу жүрек-қантамыр жүйесіндегі ауруға душар болу қаупін 57 пайызға азайтатынын көрсеткен.

Теннис және оған ұқсайтын спорт түрлерінің психикаға да өте үлкен әсері бар екен. Әлеуметтік ортаға сіңісу, қоғаммен жақсы араласуға да ықпалы бар дейді мамандар.


Аэробика

Аэробика және басқа да оған ұқсайтын баяу қимыл-қозғалысты спорт түрлері – баяу ырғақты би, гимнастика, асықпай баяу жүгіру, баяу серуендеу, трекинг, т.с.с. атауға болады. Мұндай спорт түрлері жүрек-қантамыр жүйесіндегі дерттердің кесірінен жан тапсыру қаупін 37 пайызға азайтады.


Жүзу

Суда жүзу артық салмақтан арылуға және жүрек, тамырлар, шеткі жүйке жүйесін күшейтуге көмектеседі. Сондай-ақ бұл ауыр жарақаттар немесе хирургиялық араласудан кейінгі реабилитацияның керемет әдісі. Себебі суда қайта жарақат алу қаупі өте төмен.

Жүрекке, өкпеге және қан айналым жүйесіне оң әсері орташа деңгейде. Ауыр ауруға шалдығу қаупі 41%-ға төмендейді.


Велоспорт

Велосипед тебудегі аяқтың тұрақты қозғалысы, педальға күш салу қуаныш пен ләззат гормоны – эндорфин шығаруды белсендіреді. Корнел университетінің ғалымдары велосипед спорты өмір сүру ұзақтығын 12-15% ұзартады деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, жүрек ауруларынан болатын ерте өлім қаупі 26%-ға төмендейді.

Жалпы алғанда, кез келген физикалық жүктеме ағзаға пайдалы. Бастысы – қайсысын жасағыңыз келетінін дұрыс таңдау. Өзіңізге ұнайтынын жасаңыз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ