Сурет: i.pinimg.com
50 жастан асқан соң әр адам өз денесіне ұқыпты қарауды және жастықты сақтауға көмектесетін дене белсенділігін ұмытпауды қажет етеді. Бұл қарапайым жаттығу өмір сапасын жақсартып, сергек болып, алдағы ұзақ жылдар бойы дербес өмір сүруге мүмкіндік береді.
Ешқайсымыз жасармайтынымыз белгілі, сондықтан 50 жастан соң басты міндет – қазіргі қалпын мүмкіндігінше ұзағырақ сақтау. 20, 30, тіпті 40 жаста рұқсат етілген нәрселерді енді ұмыту керек. Қазір өзімізге әлдеқайда мұқият қарауымыз қажет, өйткені орта жас қателіктерді кешіре бермейді.
50 жастан асқан соң дұрыс тамақтануды және физикалық белсенділікті жолға қоюы керек. Бұл сұлулық пен денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. Егер кем дегенде 10 жасқа жас көрінгіңіз келсе, өз денеңізге көңіл бөліңіз. Күніне тым болмаса бірнеше минут.
Бұл мақсатта фитнес-жаттықтырушылар ұсынатын қарапайым, бірақ өте танымал жаттығу – еденнен кері серпілу көмектеседі. Бұл жаттығу үйлесімділікті дамытады, бүкіл дене бұлшықеттерін нығайтады, дене қалпын жақсартады. Демек жастықты ұзартады.
Алайда ойланбастан жата қалып, бірден «кері серпілуді» бастауға болмайды. Әсіресе, жастың ұлғайғанын ескерер болсақ, өз ерекшеліктері бар.
Егер сіз осыған дейін спортпен айналыспаған, күнделікті жаттығу жасап жүрмеген болсаңыз, ең қарапайым нұсқа – тіземен орындаудан бастаңыз. Бұл кезде дене қалпына назар аударыңыз: басыңыздан тізеңізге дейін дене түзу, бір сызық бойында болуы керек. Өзіңізге лайық жүктемеден бастап, оны біртіндеп арттырыңыз.
Қарапайым нұсқаны меңгерген соң, жаттығуды күрделендіріп, аяқтарыңызды түзу ұстайтын классикалық кері серпілу жаттығуына көшуге болады. Орындау кезінде іш және жамбас бұлшықеттерінің кернеуін сезіну қажет.
Жаттығудың жаңа түрін бастамас бұрын, маманнан, мысалы, өз дәрігеріңізден немесе жаттықтырушыдан кеңес алу ұсынылады.
Дайындаған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Адам денесінің мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдейтін 12 рекорд


