БАУ-БАҚША баптайтындар үшін таптырмас КӨМЕКШІ

0
750

Бұл өнертабыс арқаңыздың саулығын сақтау үшін ойлап табылған.


БАУ-БАҚША баптайтындар үшін таптырмас КӨМЕКШІ

Жыл сайын өнертапқыштар бізді жаңа қызықты, пайдалы және тиімді инновациялармен қуантуда. Олар жұмысты тезірек және жеңіл атқаруға көмектеседі. Мәселен, мына құралдар бау-бақша тазалығын сақтауда шаруаны айтарлықтай оңайлатады.

Бұл өнертабыс арқаңыздың саулығын сақтау үшін ойлап табылған. Өйткені, оны қолдансаңыз, әр арамшөпті жұлу үшін еңкеюдің қажеті жоқ. Fiskars Xact арамшөп жұлғышының тістері тот баспайтын болаттан жасалған, бұл оларға беріктік береді. Олар тіпті ең ұзын өсімдік тамырларын қопарып шығару үшін топыраққа терең енеді.


Gardena жеміс жинағышы – өнімді жинауға көмектесетін ақылды инновациялық құрылғы. Онымен жеміс талындағы және жерге құлаған әрбір алма, алмұрт немесе басқа жемістерді жинап алу оңайырақ. Құрылғының арнайы барабаны мұны жеміске еш зиян келтірместен жасайды. Жемісті теру барысында икемді пластик сымдар оңай қозғалады, содан кейін оны икемді себетке түсіреді. Сондай-ақ себеттің бүйірінде жемістерді басқа үлкен ыдысқа аударуға арналған ыңғайлы тесік бар.


Weed Snatcher тесе-құрылғысымен есік алдына құйылған бетон төсем не қырлы тас төсемдердің арасынан өсіп шыққан арамшөпті тазалау өте ыңғайлы. Онымен тақтайшалар, жолдар, тастар және басқа жабындар арасындағы бос орындардан барлық қажетсіз өсімдіктерді оңай алып тастайды. Сол үшін жеке үйжай тұрғындары жоғары бағалайды. Жарықтардың үстінен оңай сырғу үшін супер-тесе арнайы роликті дөңгелекпен жабдықталған. Тұтқасының ұзындығын да өз бойыңызға лайықтап реттей аласыз.


Жаңашыл Wheeleasy бақша арбасы су өткізбейтін плащ материалынан жасалған. Арбаны тікелей жерге қою арқылы оған кез келген қоқысты – бақша қалдықтарын, шөп-шаламды, құрылыс қалдықтарын салу жеңілдейді. Wheeleasy жиегі қыстырғыштармен бүгіліп, қажет болғанда оны толығымен тегіс етеді. Бір ғана доңғалақ болса да, арбамен қоқысты тасымалдау өте ыңғайлы және қарапайым. Құрылғының арнайы жасалған тепе-теңдігі арқадағы және басқа бұлшықеттердегі кернеуді азайтып, арбаны тұрақтырақ етеді. Wheeleasy бүктелетіндіктен, өте жинақы, сақтау үшін де көп орынды қажет етпейді.

Аударған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

РАМАЗАН: Ислам діні жаңа гаджеттерге қарсы ма?