РАМАЗАН: Ислам діні жаңа гаджеттерге қарсы ма?

0
1 561

Осынау отыз күн ішінде оларға заманауи технологиялар да көмектесе алады.


РАМАЗАН: Ислам діні жаңа гаджеттерге қарсы ма?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі заманғы телефон қосымшалары мұсылмандарға Құран оқуға және намаз кезінде Меккенің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Тіпті, жаңа технологиялардың көмегімен Рамазан айын дұрыс өткізе аласыз.


РУХАНИ ҚОСЫМШАЛАР

Рамазан айында әлемдегі миллиондаған мұсылман ораза ұстайды. Осынау отыз күн ішінде оларға заманауи технологиялар да көмектесе алады.

Мәселен, IPhone смартфоны мен iPad планшетіне арналған сандық қосымшалар арқылы мұсылмандар Рамазан айында ай күнтізбесіне сәйкес шабыт, моральдық қолдау және практикалық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта iPhone және iPad-қа арналған қосымшалар арқылы Рамазан айындағы әр күнге арналған дұғалардың мазмұны мен мәнін білуге болады. Әр күнге арналған дұғалар әртүрлі мазмұнға ие.

Айталық, Ramadan Booster Pro қосымшасы пайдалы кеңестер береді, қасиетті айда ораза ұстау ережелерін толық сақтауға көмектеседі және әртүрлі игі істер жасауға кеңес береді.

Ал, Nokia фирмасы Құранды оқуға және зерттеуге, дұғалардың нақты айтылатын уақытын білуге және ең жақын жердегі мешітті табуға мүмкіндік беретін жаңартылған тегін қолданба жинағын әзірлеген.

Ұялы телефонға арналға iPray және iQuran сияқты жаңа қосымшалар болса, дұға уақытының келуін еске салатын дыбыстық сигнал береді. Олар сондай-ақ мұсылмандарға дұға еткенде беттерін қасиетті жерге бұру үшін Мекке бағытын анықтап береді.


ИСЛАМ ТЕХНОЛОГИЯҒА ҚАРСЫ ЕМЕС

АҚШ-та тұратын 35 жастағы жаңа технологияның жанкүйері Джеймс Отун өзі дайындаған iPhone және iPad-да қолданатын қосымшалары исламның әртүрлі талаптарын құлшыныспен орындауға көмектеседі деп мәлімдейді.

Жаңа қосымшалардың дұға ету уақытының келгенін еске түсіретін дыбыстық сигнал беруден бастап, мейрамханалардың ислам талаптарына сәйкес дайындалған тағам ұсынатыны туралы ақпаратқа дейінгі кең ауқымды қамтиды.

Джеймс Отунның айтуынша, бұл қосымшаның көмегі өте көп. Қазір ол үшін исламның қатаң талаптарын сақтамай өмір сүруді жалғастыруға ешқандай себеп жоқ екен.

«Егер сіз дұға ететін уақытты ұмытып кетсеңіз, онда сіз бұл үшін жауап бермеуіңіз мүмкін. Өйткені сіз адамсыз және кейінірек дұға ете аласыз. Ал құлшылығыңызды уақтылы орындағыңыз келсе, біз ұсынған қосымшаны қолдануыңызға болады» - дейді ол.

Ал, Патерсондағы (Нью-Джерси штаты) ислам әдебиеті мен ислам сыйлықтары дүкенін басқаратын Зиннур Табакчи есімді азамат: «Ислам технологияға қарсы емес. Сондықтан сіз қосымшалардың көмегімен істерді оңай және тезірек жасай аласыз» - дейді. Ол қазір дәстүрлі моншақтар мен діни кітаптардың жанында әртүрлі ұялы телефон аксессуарларын сақтайды екен. «Ислам 1400 жыл бұрын құрылған және ол кезде мұсылмандарда мұндай технология болмаған, бірақ олар бәрін білген», - дейді ол.


Сондықтан, ислам діні пайдалы геджеттер мен жаңа технологияларға қарсы емес деп ойлаймыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


WhatsApp желісінің САЯСАТЫН білесіз бе?


7G желісі ӘЛЕМДІК ТӨҢКЕРІС жасамақ. Мұны ҚАНША ЕЛ ПАЙДАЛАНАДЫ?