Смартфон балаға қандай зиян тигізеді? Нақты зерттеу нәтижелері

0
3 139

Эмоцияны жинап, статистиканы көрейік.


Смартфон балаға қандай зиян тигізеді? Нақты зерттеу нәтижелері

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір ұялы телефон, компьютер және ғаламторсыз өмір сүре алмайтындай күйдеміз. Бірақ, олардың зияны жайлы өте сирек ойланамыз. Ал, адамзатқа жаны ашитын ғалымдар бұл тақырыпты зерттеп, гаджеттің балаларға тигізетіні зияны жайлы аз айтып жатқан жоқ.


Барлығын дұрыс есептеу үшін ғалымдар 8-11 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің цифрлық белсенділігінің уақыты мен құрылымы туралы мәліметтер жинаған. Яғни, жасөспірімдердің күн сайын интернетті және мобильді компьютерлерді пайдалануға қанша уақыт жұмсайтынын анықтапты. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазіргі балалар компьютерлік және смартфон ойындарын, әлеуметтік желілерді жиі пайдаланып, интернеттен іздеу, ойын-сауық немесе қандай да бір іс үшін бейнелерді қарау әрекеттерін жасайды екен. Тиісінше, жасөспірімдердің 48 пайызы жұмыс күндері интернетті 3-5 сағат аралығында, 30 пайызы демалыс күндері 5 сағаттан артық, ал каникул кезінде 8-ақ пайызы 1 сағаттан аз қолданатыны білгілі болған.


Негізінен балалар гаджеттерді әлеуметтік желілерге немесе бейнелерді, фильмдерді, телехикаяларды және мультфильмдерді көруге пайдаланады. Бірақ, компьютерлік ойындар 1990-шы жылдардағы немесе 2000-шы жылдардың басындағы секілді танымал емес. Балалардың тек 19%-ы ғана демалыс күндері компьютерлік ойындарға қадалып отырады екен. Ал, жұмыс күндері орта мектеп оқушыларының жартысына жуығы смартфондар мен компьютерлерді ойын-сауық үшін емес, оқу немесе ойын-сауыққа қатысы жоқ басқа нәрселер және ақпарат іздеу үшін пайдаланады.

Анықталған нәрселер:

Гаджеттерді белсенді қолданатын балалардың жадына аса қатты қауіп төнбейді. Орта есеппен оқушылар өздері танысқан материалдың 75-80 пайызына дейін есте сақтай алады. Бірақ, мәтінді тез оқып, оның не туралы екенін тез түсінгенімен, мәтіндегі жасырын мағынаны жасөспірімдердің жартысы ғана, ал негізгі ойды үштен бірі ғана түсінеді екен.


Гаджеттер жасөспірімдерге оқыған әңгімесін дұрыс және дәйекті түрде айтуға кедергі жасамайды және сюжетті түсіну тұрғысынан да жақсы болады. Бірақ, ауызша айтылған бақылауды тапсырудан нашар өтеді.


Сондай-ақ, гаджеттерді жиі қолданатын балалар ақпаратты қабылдау тұрғысынан қиындықтарға тап болады. Мысалы, бала кітаптағы кейіпкердің әрекеттерін біледі. Бірақ, оған «сіз батыр жайлы не айта аласыз?» деп сұрақ қойсаңыз, тақырып бойынша екі сөздің басын құрай алмайтын жағдайға жетеді.


БАЛАҒА НЕ ЗИЯНДЫ: КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАР НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР?

Компьютерлік ойындарға шамадан тыс қызығушылық танытатын жасөспірімдер:

  • Математиканы және басқа да нақты ғылымдарды зерттеуде мәселелер туындайды.
  • Оқу жылдамдығы төмендеп, оқығандарын нашар түсінеді.
  • Мұндай балалар логика мен жалпылау тапсырмаларын нашар орындайды. Яғни, сіз балаға жануарлардың суретін көрсетіп, оларға не ортақ екенін сұрасаңыз, жауап бере алмайды.
  • Дегенмен, компьютерлік ойындарды жақсы көретін балалардың есте сақтау қабілеті мен реакция жылдамдығы өте жақсы болады.

Смартфондар мен компьютерлерді негізінен әлеуметтік желілер үшін пайдаланатын балалар:

  • Әлеуметтік желілерде көп отыратындар бір ойдан екіншісіне тез ауыса алмайды немесе бір уақытта екі нәрсені жасай алмайды.
  • Бірақ, әлеуметтік желілерде орташа уақыт өткізсе, керісінше, өте көп тапсырманы орындай алатын және тез ойланатын болып шығады. Ғалымдардың пайымдауынша, әлеуметтік желілерді пайдалануда уақыт шектеуі болуы қажет.
  • Барлық бос уақытын YouTube, TikTok және басқа да бейне хостингтерде бейнелерді көруге жұмсайтын жасөспірімдердің ойлау жүйесінде проблемалар болады. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай балалар ақпаратты дайын күйінде тұтынуға және бейнелерді қарау кезінде ойлау қабілетін өшіріп, зейінін сол бейнеге ған шоғырландыуға, параллель ештеңе туралы ойламауға дағдыланады.
  • YouTube пен TikTok-ты жақсы көретін балаларға тән тағы бір мәселе – мазасыздық. Олардың өзіндік өмір салты пайда болып, қандай да бір проблеманы ұмытқысы келгенде сүйікті блогерлерін көруге асығады.

Тағы бір айта кетерлік жағдай – ақпаратты іздеу үшін ұялы телефондар мен компьютерлерді қолданатын мектеп оқушылары ақылды болады және ақпаратты жақсы есте сақтайды. Бірақ, тек сұраққа жауап беруден артық әрекетке келгенде қиналады. Фильмдер, сериалдар мен мультфильмдер мектеп оқушыларына мәтіндерді сауатты айтып, материалды есте сақтауды үйренуге көмектеседі.


Мұның бәрінен қандай тұжырым шығарамыз?

Интернет балаларға зиянды ма? Иә, зиянды. Себебі, интернеттегі пайдасыз ойын-сауықтың арқасында жасөспірімдердің ақылы аз болады және нашар оқиды. Сондай-ақ, көптеген жасөспірімдер оқу проблемаларынан қашып, YouTube, TikTok және компьютерлік ойындарға тәуелді болады.


Сонымен бірге, интернет балаларға зиян келтіріп қана қоймай, пайда әкелетінін де ескеріңіз. Мысалы, компьютерлік ойындарды ұнататындардың реакциясы мен жады дамиды. Күні бойы әлеуметтік желілерде хат жазысатын балалар қарым-қатынаста өте тәжірибелі болып, әңгімелесіп жүріп қосымша іс істеуге бейім келеді.


Бастысы – балаңызға ғаламтордың пайдасы мен зиянын түсіндіріп, әрекеттің дұрыс іске асырылуын қадағалаңыз. Сонда, ол қатарынан қалмай өседі. Дегенмен, бастауыш сыныпта оқитын балаға смартфон ұстатпаған жөн. Олай болған жағдайда бала айналасынан шеттеп кетеді. Де, қарым-қатынас жасауы өте нашар болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ЖАН мен ТӘН таза болсын десеңіз, ішкен суыңыз ТАЗА болсын


Инстаграмда БЛОКҚА ТҮСІП қалудан қалай САҚТАНУ керек?