P​IN-код ОҢАЙ БОЛСА, салдары ҚИЫН болуы мүмкін

0
472

Картаңызды онлайн қолданған кезде де қауіпсіздікке мән беріңіз.


P​IN-код ОҢАЙ БОЛСА, салдары ҚИЫН болуы мүмкін

Сурет: stihi.ru

Цифрлық дәуірде жеке деректер мен қаржыны қорғау – күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Банктік карталар мен онлайн сервистерде PIN-код (Жеке сәйкестендіру нөмірі) – басты қауіпсіздік тетігіне айналды. Алайда көпшілік оны тым қарапайым етіп таңдап, алаяқтарға есік ашып беріп жатады.

PIN-кодтың осалдығы мен банктік карта қауіпсіздігін дұрыс сақтамау қаржылық шабуылдар мен деректердің ұрлануына жол ашады. Бұл мақалада PIN-кодты қауіпсіз қолдану жолдары мен банк картасын қорғаудың тиімді тәсілдері қарастырылады.

PIN-код (ағылшынша Personal Identification Number) — бұл сандық рұқсат коды, көбіне банкоматтар мен SIM-карталарда қолданылады. Алғаш рет 1967 жылы Лондонда Barclays банкі банкомат орнатып, клиенттерге өз бетімен ақша алуға мүмкіндік берді. Осы жүйені пайдалану үшін қарапайым әрі есте сақтауға жеңіл, бірақ басқа адамдар үшін болжауға қиын код қажет болды — осыдан PIN-код пайда болды.

Көптеген қолданушылар қарапайым және есте сақтауға жеңіл комбинацияларды таңдайды. Мысалы, ең жиі кездесетін кодтар:

1234

0000

1111

1212

2580

Мұндай кодтар өте танымал, сондықтан алаяқтар алдымен осы комбинацияларды қолданып көреді. Зерттеулерге сәйкес, тек 20 танымал код арқылы барлық PIN-кодтардың 26%-ын болжауға болады.


PIN-код ОҢАЙ БОЛСА салдары ҚИЫН

PIN-кодтың әлсіздігі оның қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Банкоматтар мен құрылғылар 3–5 қате енгізуден кейін бұғатталса да, алаяқтар жиі қолданылатын комбинациялар арқылы кодты тауып кетуі мүмкін. Кей жағдайларда ең жиі қолданылатын 10 кодтың бірі арқылы PIN-кодты табу ықтималдығы 18%-ға жетеді.

Сонымен қатар басқа да қауіптер бар:

  • PIN-падқа орнатылған шпиондық құрылғылар
  • Жеке адамды бақылау (иықтың үстінен қарап көру)
  • Фишингтік сайттар немесе қолданбалар арқылы алдау


Осы жағдайлардың алдын алуға арналған кеңестер:

  • Күрделі комбинация қолданыңыз
  • Қарапайым сандардан (мысалы, 1234, 0000) аулақ болыңыз. Кездейсоқ комбинациялар (мысалы, 8391, 2746) таңдаңыз.
  • Жеке ақпаратты пайдаланбаңыз
  • Туған күніңіз, туған жылыңыз немесе телефон нөміріңіздің бір бөлігін PIN-код ретінде қолданбаңыз.
  • Әртүрлі жүйелерге әртүрлі код қойыңыз
  • Бір PIN-кодты барлық құрылғылар мен жүйелерде қолданбаңыз.
  • Кодты құпия ұстаңыз
  • PIN-кодты қағазға жазып қоймаңыз және оны басқа адамдармен бөліспеңіз.
  • Қосымша қорғаныс қолданыңыз
  • Биометриялық аутентификация (саусақ ізі, бет тану) секілді қауіпсіздік шараларын қосымша қолданыңыз


PIN-кодты есте сақтауға арналған тәсілдер

Ассоциация әдісі: PIN-кодты белгілі бір оқиғамен байланыстыру (мысалы, сүйікті футболшының номері + туған күн).

Образды ойлау: 3826 → “үш бала, сегіз қоян, екі сиыр, алты үйрек” – баланың ойы сияқты жаттауға көмектеседі.

Пароль менеджер: Егер PIN-кодтар көп болса — сенімді менеджер қолдану.


Интернеттегі қауіп: онлайн PIN-кодтарды қорғау

  • Кей сайттар 2FA (екі факторлы аутентификация) ұсынады — міндетті түрде қосу керек.
  • Электрондық пошта мен онлайн банкингте бірдей код қолдануға болмайды.
  • Қоғамдық Wi-Fi арқылы код немесе құпиясөз енгізбеу керек.


Алаяқтар PIN-кодты әртүрлі әдіспен ұрлауы мүмкін:

Shoulder Surfing (иық үстінен қарау): Адам PIN-кодты теріп жатқанда қарап тұрып жаттап алу.

Skimming (банкоматқа құрылғы орнату): Банкоматқа немесе POS-терминалға арнайы құрылғы орнатып, картаны және PIN-кодты бір уақытта көшіру.

Brute Force (таңдау арқылы бұзу): Ең жиі кездесетін кодтарды бірінен кейін бірін енгізіп, кездейсоқ сандармен табу.

Malware және фишинг: Қолданушыға зиянды бағдарлама орнату немесе жалған бет арқылы код сұрату.

Социальдық инженерия: Қолданушыны алдап, PIN-кодын өз еркімен айтуға мәжбүрлеу.

1.Банк картасын қорғау бойынша кеңестер

  • Қиын PIN-код таңдаңыз
  • Жеке мәліметтерді қолданбаңыз.
  • Әр картаға бөлек PIN орнатыңыз.

2. PIN-код енгізгенде экранды жабыңыз

  • Қолыңызбен немесе денеңізбен пернетақтаны жауып теріңіз.
  • Қоғамдық орындарда сақ болыңыз.

3. Банкомат таңдау кезінде мұқият болыңыз

  • Банктің ресми банкоматын пайдаланыңыз.
  • Құрылғыда бөтен жабдық, бос тұрған карта ұясы, камера сияқты күмәнді заттар байқалса, қолданбаңыз.

4. Екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосыңыз

  • Мобильдік банкингте қосымша SMS-код немесе биометрикалық тексеру мүмкіндігі болса, міндетті түрде қосыңыз.

5. Карта жоғалса, дереу бұғаттаңыз

  • Әр банктің 24/7 жұмыс істейтін байланыс нөмірі бар. Кей банктер Telegram немесе мобильдік қосымша арқылы картаны бір сәтте бұғаттауға мүмкіндік береді.


Интернеттегі қауіпсіздік

Картаңызды онлайн қолданған кезде де қауіпсіздікке мән беріңіз. Тек сенімді сайттардан сатып алыңыз. Сайттың мекенжайы "https://" басталу керек. Жалған беттерге (фейк дүкендерге) түспеңіз. Виртуалды карта қолданыңыз. Кей банктер онлайн сатып алу үшін уақытша карта ашады. Бұл шотыңыздың негізгі мәліметтерін қорғауға көмектеседі.


Қаржы – еңбекпен келетін дүние. Оны қорғау сіздің өз қолыңызда. PIN-код пен банк картасының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау – алаяқтардың жұмысын жеңілдету. Ал жоғарыда айтылған қарапайым ережелерді сақтау арқылы сіз ақшаңызды, деректеріңізді және өзіңізді қорғап қала аласыз.

Бүгін бір PIN-кодты өзгертіңіз, ертеңгі бір қауіптің алдын аласыз!

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Желдеткіш әрі ароматерапия: ең ыңғайлы әрі ықшам портативті желдеткіштер