Ақшалы болу үшін...

0
5 394

​Ақша сөзін тәтпіштеп түсіндірудің өзі артық сықылды.Кез-келген адам бай болғысы келеді. Жалған дүниеде таршылық көрмей ғұмыр кешкен, әрине, бәріне ұнайды. «Жұмыс жоқ», «ақша жоқ» деп отыру қиын емес, бірақ аузыңызға асты біреу салса да, ас болмайтынын ескеріңіз! Ақшаның басын құрау қиындық болып жатады. Ол үшін танымал табысты адамдардың азын-аулақ кеңесін ескере жүріңіз!


Ақшалы болу үшін...

Ақша сөзін тәтпіштеп түсіндірудің өзі артық сықылды.Кез-келген адам бай болғысы келеді. Жалған дүниеде таршылық көрмей ғұмыр кешкен, әрине, бәріне ұнайды. «Жұмыс жоқ», «ақша жоқ» деп отыру қиын емес, бірақ аузыңызға асты біреу салса да, ас болмайтынын ескеріңіз! Ақшаның басын құрау қиындық болып жатады. Ол үшін танымал табысты адамдардың азын-аулақ кеңесін ескере жүріңіз!

Әлемдегі ең бай адамдардың табысқа жетуі де қызық жолдардан тұрған. Көпшілігінің идеялары баста күлкіні тудырған мен де, қазір оларға қызығатындар көп.

Сол себепті:

  • Армандаңыз! Тіпті, қай уақытта қанша қаржы болатына дейін қиялдаңыз. Армандау тек адам баласына ғана тән қасиет. Бастысы көбірек армандап, оның орындаларына сеніңіз. Армандауды тоқтатқан күні—өміріңіздің мәні де жоғала бастайды.
  • Адамдарды қуантыңыз! Әрине, сөзбен қуантуға да болады. Достарыңыз бен жақындарыңызға, сүйіктіңізге, тіпті танымайтын адамдарға да жылы сөз айтыңыз. Ол бумеранг заңына сай, мінтетті түрде қайта айналып келеді.
  • Тұлғалардың өміріне қызығушылық танытыңыз. Жоғары дәрежеге көтерілген адамдармен араласыңыз, бәлкім керемет идея пайда болар.
  • «Мен кіммін?», «Өмірімнің мәні неде?», «Басқаларға қандай пайдам бар?» деген сұрақтарға шынайы жауап беріңіз! Осы сұрақтарға көңіліңіз толатындай өмір сүріңіз.
  • Кедейлік - жалқаулықпен егіз. Жауапкершілігіңіз болмаса, ақша да сіздің алдыңыздағы жауапкершілігінен бас тартады.
  • Адамдарға көмек беріңіз! Тек ақша үшін емес, шын жүрегіңізбен жанашырлық таныта біліңіз.
  • Өмірге өкпелей беруді тоқтатыңыз! Кешегі күн келмейді. Ертең болмауы да мүмкін. Осы сәттен ләззат алыңыз!
  • Қалай бай болуға болады? Оп-оңай! Еңбек етіңіз және жөнімен жаратыңыз.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ