Бизнес-жоспар - кәсіпкердің өз кәсібінде алдына қойған экономикалық мақсаттары мен оны жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген құжат. Бұл құжатты дайындау барысында өз кәсібінің нарықтағы жайы мейлінше зерттелуі керек.
Кез келген кәсіптің көкке өрлеуі үшін сауатты бизнес-жоспар қажет. Сіз бизнес-жоспардың не екенін білесіз бе? Оны жазуда неге мән беру керек?
Бизнес-жоспар дегеніміз не?
Бизнес-жоспар - кәсіпкердің өз кәсібінде алдына қойған экономикалық мақсаттары мен оны жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген құжат. Бұл құжатты дайындау барысында өз кәсібінің нарықтағы жайы мейлінше зерттелуі керек.
Бизнес-жоспар не үшін жазылады?
Сіздің жоспарыңыз "Осы кәсіпке ақша салудың пайдасы бар ма?" деген сұраққа нақты жауап беруі керек. Әдетте бұл жоспар алдағы 3-5 жылға дайындалады. Онымен қоса ай және тоқсан сайынғы бөлімдерінде кәсіптің нақты қадамдары көрсетілуі керек. Бірақ қазіргі нарықтық кезеңде бизнес-жоспарды көпшілік 1 жылға дайындайды.
Бизнес-жоспар қалай жазылады?
Аталмыш жоспар барынша қысқа, әрі түсінікті болуы керек. Қазіргі кездегі бизнес-жоспарлар шамамен 30-70 беттің аралығында болады. Ол жерде аннотация, түйіндеме және бизнес-жоспардың өзі жазылады. Ол эксперттер мен инвесторларға ұсынылатын жоспар болса тек нақты ақпараттарды:
- Алдымен кәсіптің мақсаты яғни қандай биікке көтерілгіңіз келетінін нақтылайсыз. Одан кейін бәселестердің нарығын зерттеп, алдыңызға нақты тапсырмалар қоясыз;
- Қызметіңіз немесе өніміңізге толық сипаттама. Оның пайдасы мен зияны, артықшылығы мен кемшілігін түзу;
- Нарыққа жасалған сараптамадағы бәселестердің әлсіз тұстары, тұтынушылардың сұранысы көрсетілуі керек.
Керек кеңестер: Бизнес-жоспарды жазбас бұрын басқа кәсіпкерлердің жоспарланымен танысып шығыңыз;
Бизнеске дайындық та қыруар жұмыс, сондықтан мұқият болуға тырысыңыз;
Өз салаңыз бойынша тәжірибе жинап, көбірек ізденіңіз;
Моральді әрі физикалық тұрғыда дайын болған күні жазыңыз.
Фото ашық дереккөздерден алынды.
Автор: @karashash_esenbay
ERNUR.KZ