Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны фермерді атып өлтірді

0
773

Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы оқиға 31 қазанда түнгі сағат он шамасында болған.


Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны фермерді атып өлтірді

© Photo : Unsplash / Paul Einerhand

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево ауылында 22 жастағы тұрғын фермерді атып өлтірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы оқиға 31 қазанда түнгі сағат он шамасында болған. 22 жастағы тұрғын ішімдік ішкені күйі "БурБат" ЖШС директорына келіп, істеген жалақы бойынша қарызды беруді сұраған. Директор жұмысшының бұл әрекетіне ашу шақырып, оқтаулы мылтығымен үйден шыққан. Ойы жұмысшыны қорқыту болған. Алайда жігіт мылтықты тартып алып, басшысына оқ атқан. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне қайғылы оқиғаның болғанын растады.
"22 жастағы күдікті ұсталды. Тимирязев ауданы Докучаево ауылының 52 жастағы тұрғынының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталады", - дейді полиция департаменті.