ERNUR.KZ. Қазан айының соңғы күндері "Реал Мадридтің" жұлдызы Килиан Мбаппе өнімді еңбегі үшін бірден екі марапатқа ие болды, деп жазады Zakon.kz.
Алдымен Мбаппеге өткен маусымдағы мергендігі үшін "Алтын бутсы" табысталды, ол Ла Лигадағы Реал Мадридтің сапындағы бірінші жылында қарсыластар қақпасына 31 гол салып тастады.
"Серіктестерге алғыс айтамын, командалық марапаттар - ең бастысы, ал "Реал" атынан ойнау - арман. Биылғы командамыз керемет". Килиан МбаппеОсыдан кейін Килиан екінші ай қатарынан Ла Лига сапындағы үздік ойыншы атанды. Корольдік клубтың шабуылшысы қазан айында чемпионаттың үш ойынының әрқайсысында бір-бірден гол соқты.
Марапаттау рәсімінен кейін журналистерге берген сұқбатында ол қазіргі командасын әлемдегі ең мықты клуб деп атады. Бірақ алдында ойнаған командасы жайлы айтуды да ұмытпады.
"Бұл - әртүрлі тарихы бар өте әртүрлі клубтар. ПСЖ - әлдеқайда жас клуб, ал "Реал" әлдеқашан құрылған және бай тарихы бар. Олардың мәдениеті де әртүрлі, сөзсіз, "Мадрид" - әлемдегі ең жақсы клуб, бірақ ПСЖ да үздіктер қатарына кіреді. Мен "Реал" мен "Париждің" бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын". Килиан МбаппеЖақында Мбаппенің шабылдаушы ерекше қабілетіне қазақстандық футбол жанкүйерлері де көз жеткізді.


