Таңдаулы 7 кәсіпкер жетістіктерімен бөлісті

0
2 179

Елбасының «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек» деген сөзін арқау етіп, Қазақстанның белгілі кәсіпкері Қайрат Құдайберген мен Q4 Business School спикерлері бірігіп Шымкент қаласында жүзеге асырған «[Ж]ЕТІСТІК» (Етістік-Жетістік) жобасы өткен аптада мәресіне жетті.

Еліміздің барлық аймақтарын қамтитын жоба осыдан 1 ай бұрын Шымкент қаласынан бастау алған болатын. Осы орайда, жобаның ашылу салтанатына 500 адам қатысып, спикерлердің 7 кәсіпкер таңдап алғанын сіздерге сайтымыз арқылы хабарлаған болатынбыз.

Жоба барысында Q4 Business School Шымқаладан өз бөлімшелерін ашты. Сонымен қатар, таңдап алынған кәсіпкерлермен жеке жұмыс жасай отырып, оларға кәсіби білім берген. Нәтижесінде өмірі кәсіппен айналысып көрмеген студент жеке кәсібін ашса, енді бірі кәсібін түбегейлі өзгертті. Ал келесі бір кәсіпкер өз кәсібін масштабтауға мүмкіндік алған.

Осындай істерді өзгелерге үлгі ету және дәріптеу мақсатында Q4 Business School тренерлері қорытынды кешін өткізіп, тағы да Шым қаланың тұрғындарын жинады.

Бұл кешке келген қонақтарға қалай кәсіп бастау керек, өзің мен өніміңді қалай тиімді сатуға болады, команданы қалай жасақтау керек деген өзекті тақырыптарды қамтыған, бизнес-тренер Салтанат Мінайханның дәрісін тыңдады.

Одан бөлек 7 таңдаулы кәсіпкер өздерінің бір айлық оқудағы нәтижелерімен бөлісіп, қызықты дүниелерін ортаға салды. Алдағы уақытта да бірге жұмыс істеуді көздеп отырған 5-ағым студенттері тек кәсіп арқылы ақша табуды ғана ойламай, арасында қайырымдылыққа да уақыт бөліп жүр екен.

Үш сағатқа созылған мастер-класстан келген қонақтар пайдалы ақпарат алып және өздерінің авторлық жобаларын да бизнес-тренерлерге көрсетіп, қолдауға ие болды.

Фото: Ералы Бакрамбек

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ