"Үлкен шығыннан емес, аз пайдадан қорқу керек!": Тарихтағы ең бай адамнан құнды кеңес

0
2 768

Америкалық магнат-кәсіпкер​, тарихтағы ең бай адам Джон Рокфеллердің кәсіп бастаушыларға айтар кеңестерін ұсынамыз.


Америкалық магнат-кәсіпкер, тарихтағы ең бай адам Джон Рокфеллердің кәсіп бастаушыларға айтар кеңестерін ұсынамыз.


Ол өткен ғасырда өмір сүрген және АҚШ мұнай индустриясында үстемдік құрған әрі ең алғашқы ірі тресттердің бірі Standard Oil компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

  • Мен өзімнің 100 пайыз күшімді сарп еткеннен гөрі, 100 адамның 1 пайыз күшімен пайда тапқанды дұрыс көремін.
  • Абырой жинаңыз, ертең сіз үшін ол жұмыс істейді
  • Қайсарлықтың арқасында бәрі орындалады. Ол жақсы, не жаман, дұрыс немесе бұрыс болуы мүмкін, бірақ олар орындалады.
  • 24 сағат жұмыс істейтін адамның ақша табуға уақыты болмайды.
  • Адамдармен қарым-қатынас жасай алу - қант пен кофе сияқты сатылатын тауар түрі. Ал мен ол қабілет үшін бәрінен артық төлеймін.
  • Сіздің жалғыз мақсатыңыз бай болу ма? Кешіріңіз, ол ешқашан орындалмайды!
  • Ойланатын адамдар маған қажет емес, жұмыс істейтін жандар керек!
  • Бәрін білетін адамды емес, ынтасы күшті адамды жұмысқа қабылдаймын!
  • Ақша табу үшін барлық уақытын арнаған адамнан өткен бейшара жанды білмеймін.
  • Үлкен шығындардан емес, аз пайдадан қорқу керек!

Фото ашық дереккөздерден алынды

ERNUR.KZ