​1 қаңтардан бастап кімдердің ұялы телефоны жарамсыз болып қалады?

0
2 946

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген ұялы телефонға байланыс қызметі көрсетілмейді.


​1 қаңтардан бастап кімдердің ұялы телефоны жарамсыз болып қалады?

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген ұялы телефонға байланыс қызметі көрсетілмейді, деп жазады sputniknews.kz.

"2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап IMEI-код + SIM-карта + тұлғаның ЖСН-ні сызбасы бойынша абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Сондықтан азаматтар осы жылдың соңына дейін өз құрылғысын тіркеуі қажет",- деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Оның айтуынша, жыл соңына қарай ұялы байланыс операторларының филиалдарында дүрбелең болуы мүмкін, сол үшін тіркеу рәсімін дер кезінде жүргізу керек. Сәдубаев бұл ең алдымен азаматтардың мүддесін қорғау үшін жасалып жатқанын атап өтті.

"Егер тіркеуден кейін әлдекімнің телефоны ұрланса, база арқылы оны кім пайдаланып жүргенін анықтауға болады. Базада құрылғының IMEI-коды ұрланған ретінде тіркеуде тұрса, байланыс операторлары да байланысты бұғаттауға мүмкіндік алады", - деп түйіндеді ол.