1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

0
861

Қыркүйекте депутаттар демалыстан шығады.


1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ parlam.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - делінген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған Өкім мәтінінде.