ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Ақорда баспасөз қызметі.
«Енді 1 млн-нан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойдым. Құжатты әзірлеген Үкіметке және маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдаған Парламент депутаттарына алғыс айтамын», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында.