1 млн 50 мың теңге: қанша кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады

0
626

Елімізде мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы кеше 19 наурызда өтті.


1 млн 50 мың теңге: қанша кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысқан қанша кандидатқа жарна қайтарылатынын айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

«Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5%-дан аз дауыс жинады. Сайлау жарнасы екі партияға да қайтарылады. Олар – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады. Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені, олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді», - деді ол.

Еске салайық, елімізде мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы кеше 19 наурызда өтті. Биылғы сайлауда ел тұрғындарының белсенділігі тарихтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болды.

Бұдан бұрын Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың түпкілікті нәтижелерін жариялаған.