"10 мыңнан 230 мыңға дейін" - Әкім астаналықтардың орташа жалақысын атады

0
939

Бұл туралы Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді


ERNUR.KZ. Қазір елордада орташа жалақы 230 мың теңгеден асады. Бұл туралы бүгін қала активімен кездесу кезінде Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Сұлтанов 20 жыл ішінде Астана ел тәуелсіздігінің символына, Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің орталығына айналғанын атап өтті. Осы орайда әкім 20 жыл ішінде қол жеткізілген кейбір көрсеткіштерге тоқталды.

Оның айтуынша, 20 жыл ішінде қала аумағы 3 есеге ұлғайып, салынған тұрғын үй көлемі 19 есеге өскен. Ал халық саны 4 есеге артты.

"Егер 20 жыл бұрын орташа жалақы 10 мың теңгеге жетпесе, қазір ол 230 мың теңгеден асады. Жұмыссыздық деңгейі 1998 жылдан бері 12,8%-тен 4,5%-ке дейін қысқарды", — деді Сұлтанов.

Сондай-ақ, 20 жыл ішінде 20-дан астам республикалық және қалалық денсаулық сақтау нысаны, 300-ден астам балабақша мен мектеп тұрғызылған. Ал Астананың жалпы тұрғын үй қоры 4 есеге ұлғайып, 20 миллион шаршы метрден асты.