«Жанабет» шаруа қожалығына тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаны анықталды.
ERNUR.KZ. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокуратурасы мемлекет мүдделерін қорғау және жер ресурстарын заңды әрі тиімді пайдалану бойынша жүргізілген жұмыс аясында жер заңнамасының талаптарының бұзылуын анықтады, деп жазады baq.kz.
Атап айтқанда, талдау барысында «Жанабет» шаруа қожалығына тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаны анықталды.
Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті пайдаланылмаған учаскелерді мәжбүрлеп алу туралы талап-арызды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолдады.
Шаруашылық айналымына енгізілмеген жерлердің жалпы аумағы екі жүз гектардан асты. Жалға алу шарттары бұзылып, учаскелер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Әкімдік қаулысымен бағалау құны 100 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне ресімделді, – делінген прокуратура мәліметінде.


