100 мың теңге пара алған бастық 3 млн теңге айыппұлмен құтылды

0
1 437

СҚО Шал ақын ауданының ветеринария бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды.


100 мың теңге пара алған бастық 3 млн теңге айыппұлмен құтылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "СҚО Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" КММ басшысы Қ.Б.Уаисовқа қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады Zakon.kz.

Оған әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін, сондай-ақ тиісті ілеспе ветеринариялық құжаттарсыз ірі қара малын аудан аумағында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) көмектескені көрсеткені үшін айыпталған болатын.

25.09.2019 жылы Петропавл қалалық сотының үкімімен Уаисов К.Б. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 млн теңге мөлшерінде айыппұл және өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызметпен айналысуға тыйым салу жазасы белгіленді.