11 қаңтарда Үкімет қайта жасақталады – Президенттің баспасөз хатшысы

0
400

Жыл басында Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберген болатын.


11 қаңтарда Үкімет қайта жасақталады – Президенттің баспасөз хатшысы

ERNUR.KZ. Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында 11 қаңтарда ауыс-түйіс болатынын мәлімдеді деп жазады Azattyq Rýhy.

«Президент оның анонсын өзі жасады, білесіздер. 11-ін күтейік. Президенттің алдына түсіп, шешімдерін айтуға менің құқығым жоқ. Президент Үкіметті отставкаға жібергенін білесіздер. Барлық министрлер қазір міндетін атқарушы. Қайтадан тағайындалады. Сол кезде кімді қалдыратынын, кімді ауыстыратынын Президент өзі біледі. Үкімет қайтадан жасақталады. Ауыс-түйіс болатыны сөзсіз, айқын, рас. Қазір біздің халық ауыс-түйіс күтеді. Бірақ қазіргі таңдағы басты мақсат – тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтарымызды тұрмысын бұрынғы қалыпты жағдайына оралту. Сол бағытта қазір құқық қорғау органдары жанталаса жұмыс істеп жатыр», - деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері бір аптаның айналасында елдеріне қайтарылады. Президент Қ.Тоқаев «нон-стоп» режимінде жұмыс істеп жатыр.