11 рет әйеліне пышақ сұққан қаскөй енесін де жаралаған

0
1 219

Алматыда бұрынғы әйелін көшеде пышақтап тастаған қаскөйдің тағы бір адамға пышақ сұққаны анықталды.


11 рет әйеліне пышақ сұққан қаскөй енесін де жаралаған

ERNUR.KZ. Алматыда бұрынғы әйелін көшеде пышақтап тастаған қаскөйдің тағы бір адамға пышақ сұққаны анықталды. Ол әйелінің шешесіне де жарақат салған, деп жазады Экспресс К.

Бұл туралы Telegram-дағы Orda.kz арнасы жазды. Зардап шеккен әйелдің әпкесінің айтуынша, жәбірленуші оянғанымен, әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалаған.

Бұдан бөлек күдікті бейнежазбадағы екінші әйелге де пышақ ұрғаны анықталды. Ол қаскөйдің енесі болып шықты. Ер адам әйелдің асқазанына пышақ сұғып алған. Ауыр жарақат алған әйел мен оның анасы дәрігерлердің жіті бақылауында.